Өркениет

Ләйлә Сұлтанқызы бүгінгінің жас қыздарына ренішін білдірді

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде жас қыздардың сөйлеу мәдениетіне қатысты мәселені көтерді. Ақпарат өкілі бүгінде арулардың боғауыз сөздерді жиі қолданатын болғанына күйінді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында азулы жазба жариялап, бейәдеп сөздерді айтып жүрген бойжеткендерге қатысты бар ойын ақтарды.

 

Тележүргізуші көрікті арулардың мұндай әрекеті өте жиіркенішті болып көренетінін кесіп айтты.

 

"Екі сөзінің бірі боғауыз адамдарды сіз де көріп жүрсіз ғой, Американы ашқандай болмайын. Ондайларға көзің де, құлағың да, өзің де үйренеді екен. “Связка слов” қой деп ақталады тағы. Осы жасқа келгенше талай адамды көрдім әдептіліктен жұрдай. Бәрін қойшы, бірақ мен үшін дәл қазір жап-жас қыз балалардың (12+) боқтап сөйлегені қатты жиіркенішті. Дым жараспайды, ұялып кетесің.

Қыздар, айғайлап сөйлеу, бас жоқ, аяқ жоқ әңгімеге киліге кету, кішірейе салудың орнына сен деп сенсіреу, шекарадан аттап, адамның жеке өміріне араласу, адамды орнына қоям деп намысына тиетін сөздер айту нағыз дөрекілік. Тәрбиесіздік, оның үстінен бұл қазір модада емес. Боқтап сөйлегеннен сыйлы болып кетем деп ойласаң, өте қателесесің", - деп жазды Сұлтанқызы.

 

 

 

 




Көрілген: 1034    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.06.2021, 11:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31