Өркениет

Ляйсира Марат Алагөзовтің опасыздығы туралы айтты

  • Коллаж: KAZ.NUR.KZ

    Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Белгілі отандық кәсіпкер Ляйсира Марат бұрынғы жолдасы Тұрсын Алагөзовтің опасыздығына қатысты оқиғадан кейін алғаш рет ашық сұхбат берді. Ол елді шулатқан жағдайға дейін де күйеуі тарапынан сатқындық белгілері болғанын жайып салды.

 

Екі мәрте ажыраспақ болғанында Алагөзов оны райынан қайтарып алған болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ "Честная жизнь" бағдарламасына сілтеме жасап.

 

Ляйсира Марат бұрынғы жолдасының опасыздығы өзі үшін күтпеген жағдай болмағанын алға тартты. Бұл Алагөзовтің алғаш рет көзге шөп салуы емес екен. Кәсіпкер әйел күйеуінің өзіне адал емес екенін бұрыннан сезіп жүргенін жеткізді.

 

"Әлем маған белгі беріп жүрді. Әрине, бұл мен үшін күтпеген оқиға болған жоқ. Бірақ, мен "бәрін өзім шешемін, біз бәрін еңсеріп шығамыз" деген ұстанымды ұстадым. Бұл бұрыннан басталды. Белгілер болды.

Тіпті, 90 жылдары белгілер түсіп тұрды. Бұл сатқындық белгілері еді. Мен бәріне төтеп беретін мықты адам болдым. Сол себепті, менің сезімімді, махаббатым мен қамқорлығымды осылайша пайдаланды.

Жағдай әбден ушығып, мен ажыраспақшы болған кезімде ол менің райымнан қайтарып жіберетіндей ғажайып заттар істеді. Мен екі рет ажыраспақ болдым. Нақты шешім қабылдағанымда өзіне сендіріп, көндіретін.

Негізінен кез келген әйел ажырасуды қаламайды. Түбінде әрқайсымыз отбасының сақталғанын қалаймыз ғой. Жанұя құндылықтары біз үшін аса маңызды, Менің оны кешіріп келгенімнің себебі де осы" , - деді Ляйсира Марат.

 

Еске сала кетейік, бұған дейін Тұрсын Алагөзовтың бұрынғы жұбайы оның опасыздығынан кейін қандай күй кешкенін айтып берген болатын.

 




Көрілген: 2444    Пікірлер: 0

жұма, 05.06.2020, 17:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Маусым, 00:38
    Неге сонша бүліндік?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31