Өркениет

Мадина Балғабаева: Шыдамай ажырасып кеттім

  • https://look.tm/

    https://look.tm/

Қазақстандық тележүргізуші Мадина Балғабаева жеке өмірі мен отбасы, өмірлік көзқарасы жайлы алғаш рет ашық айтты. 45 жасында жас қыздай көрінетін тележүргізуші еш жерде айтылмаған сырын бөлісті .

 

Бұл туралы "Без фильтров" бағдарламасына сілтеме жасаған stan.kz хабарлайды.

 

Балғабаева бір рет тұрмыста болғанын, 16 жыл бұрын тұрмыстық қиындықтарға шыдамай ажырасып кеткенін айтты.

 

"Мен бір рет тұрмыста болған әйелмін. Қазір ажырасқанмын. Осыдан 16 жыл бұрын ажырастым. Өзбекстанға, анығын айтсам, Қарақалпақстанға тұрмысқа шықтым. Бірақ ұзақ тұрған жоқпын. Себебі ол жақтың салты, өмірлік ұстанымдары маған ұнамады. Оған төзе алмадым. Географиялық жағынан қарағанда мүлде басқа адамдармыз. Сондықтан еш айғай-шусыз, ренішсіз екі жаққа кеттік", - деді тележүргізуші.

 

Балғабаева сәтсіз некеден соң екінші рет тұрмыс құрған жоқ. Себебі бірінші некесінен кейін өзіне тым талапшыл болып кеткенін айтады.

 

"Мен жас кезімде қателесуден қорықтым. Қазір мен ер азаматтан басқа қасиеттерді күтемін. Әйел тек әйелі ғана емес, өмірлік серік, дос, әріптес жолдас болу керек. Мен кейбір қыз-жігіттер секілді интернет арқылы таныса алмаймын. Желіде көп уақыт жұмсамаймын. Мен адаммен бетпе-бет кездескенді дұрыс санаймын", - деді ол.

 

Тележүргізушінің бірінші некесінен туған бір ұлы бар. Қазір 19 жаста. Бұрын ұлы әкесімен жиі кездескен. Қазір әлеуметтік желі, телефон арқылы сөйлесіп тұрады екен.

 

Тележүргізуші Баян Мақсатқызымен ұзақ жылдан бері достық қатынаста. Тіпті бір-бірінің тойында қыз жолдас болып, әлі күнге дейін бірге келеді. Алайда Баянның өмірінде болған ауыр үзіліс жайлы, бірінші күйеуімен болған жанжал жайлы көпке айтқысы келмейді.

 

"Баян екеуміз өмірдегі бар қуаныш пен қайғыда бірге болдық. Оның өміріндегі болған ауыр соққы кезінде де мен қасынан табылдым. Бірақ ол жайлы ашық айта бергім келмейді. Бастысы бұл оқиғадан соң бәрінің аман-сау қалғанына қуандым. Бастысы - сол. Бұл бір күнгі оқиға емес. Ұзақ жылдан бері осы жағдайға келе жатқан еді. Сондықтан біржақты бір адамды кінәлауға болмайды. Әйел адам өз өмірінің қожайыны. Өз тағдырын өзгерте алады. Бірақ біздің әйелдер қорқады. Ажырасудан, өзін арашалаудан, қол көтеретін еркекке қарсы шығудан қорқады. Әйел өзін бағалау керек. Тәуекелге барып үйрену керек", - деді Мадина ханым.

 

stan.kz




Көрілген: 1477    Пікірлер: 0

жұма, 06.11.2020, 16:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31