Өркениет

Мәдина Сәдуақасова: Ерке маған Азаматты "күйеуім" деп таныстырды

  • Мәдина Сәдуақасова: Ерке маған Азаматты

    Мәдина Сәдуақасова: Ерке маған Азаматты "күйеуім" деп таныстырды

Азамат Зенкаев пен Ерке Есмаханның қарым-қатынасы қос жұлдыздың фанаттарын ғана емес, өнердегі әріптестерін де таңғалдырған. Мәселен, Мәдина Сәдуақасова мұны елдің назарын қарату үшін продюсерлердің жасаған айласы деп ойлапты. Алайда уақыты келгенде шындыққа көзі жеткен әнші қатты таңырқағанын жасырмады. Бір қызығы, Ерке әріптестеріне Азаматты "өмірлік серігім" деп таныстырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Paparazzi бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Басында екі жақтың продюсерлері келіскен шығар, Қазақстанға да келген шығар деп ойладым. Бірақ, білуімше, Еркеде продюсер жоқ, Азамат та топтан кетті. Соған қарап, мүмкін, шынайы сезім шығар деп қалдым.

Ал екеуін бір жобада бірге көргенде түсіндім. Азамат кәдімгідей Еркені қолдап, демеп, көмектесіп тұрады. Сол жылылықты көргеннен кейін "а-а-а" дедім. Ерке "Мәдина, мына жігіт менің күйеуім" деп таныстырды.

Мен екеуі енді жүріп жатыр дегенді естігендіктен, таңғалып қалдым", - деп ағынан жарылды ол.

Мәдина Сәдуақасова соңғы кездері образбен тәжірибе жасап, фанаттарын таңғалдырып жүр. Бұған қатысты:
"Ойға қонымсыз шаш үлгісін жасадым. Өзім жақсы көріп, үйреніп қалдым", - дейді.

Әншінің бойындағы бұл өзгерісті көпшілік жеке өмірімен байланыстырып жатыр. Алайда Мәдина күйеуімен қарым-қатынасы жақсы екенін жеткізді.

"Біріншіден, пандемия бітті. Шығармашылық адамның іште жатқан толқынысы, шабыты шықты. Тек шаш үлгісі мен фототүсірілімдер емес, жаңа альбом да шықты.

Ал жеке өмірімде ешқандай өзгеріс жоқ, бәрі баяғыдай. Жолдасым жұмыста", - деді әнші.

Stan.kz




Көрілген: 566    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.11.2021, 16:23

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31