Мәдина Сәдуақасова жаңа бейнебаянының шынайы оқиғаға құрылғанын айтты

11 қараша 2018, 20:14

Мәдина Сәдуақасова жақында тыңдарманын жаңа әнімен қуантты. Әнші бейнебаянының шынайы оқиға желісінде түсірілгенін айтты.

Әнші жаңа әніне бейнебаян түсіріп жариялаған еді. Әншінің айтуынша, бейнебаяндағы әуекомпанияда өмірде жоқ. Ол стилистің идеясымен ойдан құрастырылған. Ал, екі жастың махаббат оқиғасы шынайы өмірден алынған.

“Бұл бір салада жұмыс істеп, бір қалада, тіпті бір көшеде тұрған жандардың махаббат оқиғасы. Олар өмірде кездеспеген. Шынайы махаббатты күтіп шаршаған соң жұлдыздармен сырласқан. Осы оқиға бейнебаянға арқау болды”, – деп жазды әнші желіде.

Көпшілік Мәдинаның жаңа бейнебаянын оң баға берді. Желі қолданушылары әннің де, бейнебаянның да ерекше екенін жазып жатыр.

Stan.kz