Өркениет

Мәдина Сәдуақасова: Жолдасым маған бірде-бір рет киім алып бермеген

  • Мәдина Сәдуақасова: Жолдасым маған бірде-бір рет киім алып бермеген

    Мәдина Сәдуақасова: Жолдасым маған бірде-бір рет киім алып бермеген

Танымал эстрада жұлдызы Мәдина Сәдуақасованың жолдасы әншінің әперген киімдерін кимейді. Екеуінің киімге деген талғамы екі бөлек, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы әнші Paparazzi бағдарламасына берген сұқбатында айтты.

«Жолдасым маған бірде-бір рет киім алып көрмепті. Өйткені екеуміздің киімге деген талғамымыз әртүрлі. Мен ашық түсті киімдерді ұнатамын, ал ол тек қара, ақ, сұр, көк түсті киімдерді киеді», – деді Сәдуақасова.

Сонымен қатар, әнші жолдасына өзі сатып әперген киімдерді кимегеніне ренжіп қалатынын айтты.

«Шетелдерде, өзге қалаларда жүргенде қымбат киімдер сатып әкелетінмін. Бірақ ол кимейтін. Бастапқыда ренжитінмін. Ол ашық түсті киімдерді кие алмайтынын айтатын. Қазір бір-бірімізге мүлде киім алмаймыз. Әркім өз талғамына сай өзі киім алады», – деді әнші.

Almaty.tv.




Көрілген: 759    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.05.2021, 11:50

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31