Өркениет

Мәдина Сәдуақасова: Қабдеш Жұмаділов атамыз мені келіні емес, қызындай жақсы көрді

  • Мәдина Сәдуақасова: Қабдеш Жұмаділов атамыз мені келіні емес, қызындай жақсы көрді

    Мәдина Сәдуақасова: Қабдеш Жұмаділов атамыз мені келіні емес, қызындай жақсы көрді

Мәдина Сәдуақасова қазақтың дарабоз жазушысы, қаламгер Қабдеш Жұмаділовты еске алды. 85 жасқа қараған шағында өмірден озған халық жазушысының күні кеше жетісі өтті.

"Қазақтың дарабоз қаламгері, халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов 5 сәуір күні, өзінің 85 жылдық мерейтойына 20-ақ күн қалғанда дүниеден озды... Атамызды бүкіл алаш жоқтады... Мен келін боп түскен әулет үшін бұл қайғы екі есе ауыр соқты... Өмірінің соңына дейін бұл кісі шығармашылық жолын, жазуын тоқтатпады. Үнемі қозғалыста, шығармашылық ізденісте болды. Қазақ әдебиетіне, қазақ руханиятына қызмет етіп қана қоймай, ағайын-туыс, жақындарына да көңіл бөлді, әулеттегі әр туысқанның хал-жағдайын біліп, жай-күйін сұрастырып, қайғы-қуанышына ортақтасып, ақыл-кеңесін, батасын беріп жүрген қамқор аға, жанашыр жан бола білді...

 
Мен келін боп түскен күнімнен бастап-ақ мені келіні деп емес, қызындай жақсы көрді. 1986 жылы туған жолдасым Олжастың есімін атамыз Олжас Сүлейменовтің құрметіне қойса, ұлымыз туғанда да “Әнуарлардың бәрі мықты! Қазақтың біртуар ұлы Әнуар Әлімжановтың құрметіне Әнуар болсын!” деді. Әнуарды ерекше жақсы көрді. Алланың жазуы шығар, соңғы түскен хабарында Әнуар гүл алып барып берді, атасына. Мен ән айттым. Сол күннен соң көп ұзамай кете барды...

Өзі аманат етіп кеткен Семей топырағына жерленді... Дәл бүгін жеті күндігі... Біздің әулетіміз үшін де, бар қазақ үшін орны толмас өкініш... Біз жақсы көретін ардақты Ата, Дара Тұлға , Қазақтың қабырғалы қаламгері, жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын, Үлкен Ата!", - деп жазды Мәдина Сәдуақсова. 

Қабдеш Жұмаділов өткен аптада 85 жасқа қараған шағында өмірден озды. Қаламгер 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген.

"Иманды болсын!!! Ғажап адам!!!", - деп жазды Тамара Асар.

"Иманды болсын. Иә, Қабдеш ағамыз өзіңді ерекше жақсы көрді, өнеріңе құрметпен қарады ғой", - деп жазды продюсер Әлия Құдайбергенова.

"Аллам алдынан жарылқасын, жайы жəннəтта болсын", "Иманы жолдас болсын, қазақтың Дарабозы", "Иманы жолдас болсын, Алла алдынан жарылқасын. Топырағы торқа болып, Жаны жаннатта болсын. Қайғыларыңызға ортақпыз, Алла Сабыр берсін", - деп жазды желі қолданушылары. 




Көрілген: 1179    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.04.2021, 14:40

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31