Мәдина Сәдуақасова лифтіде қаза болған журналисті еске алды (фото)

07 сәуір 2018, 10:37

Осыдан бірнеше күн бұрын Ақтөбеде жантүршігерлік жағдайда қаза болған журналисті елімізге танымал әнші Мәдина Сәдуақасова еске алды деп хабарлайды NUR.KZ

Олар университет қабырғасында бірге оқыған. Бұл жайында әнші Instagram парақшасында жазды.

«Жантүршігерлік қаралы хабар бүкіл елді есеңгіретті. Ақтөбе қаласында болған оқиға. Ажалына себепші болған лифт. Айзат Әбдісамат, сенер алар емеспін. Университеттің журналистика факультетін бірге бітіргенбіз, курстасым. Аллам алдыңнан жарылқасын! Артыңда қалған ұрпағыңа қайырын берсін. Отбасына қайғырып көңіл айтамын», - деп жазба қалдырды Сәдуақасова.

Айта кетейік, сәуірдің төрті күні кішкентай қызымен серуендеуге шыққан Айзат Әбдісамат лифт ішінде қаза болған еді. Қазір осы іске қатысты тергеу амалдары басталды.

NUR.KZ