Өркениет

Мәдина Сәдуақасова өзіне басқа ұсыныс жасағандар туралы айтты

  • Фото: Instagram/sadvakasovamadina

    Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова пандемия уақытында өзіне қандай ұсыныстар түскенін айтты. Көптеген адамдар өнер иесін басқа салада жұмыс істеп көруге шақырған. Алайда, әнші өзін сахнадан басқа жерде мүлдем елестете алмайтындықтан, көрермендермен қауышатын күнді асықпай күтуді шешкен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Мадина Сәдуақасова карантин уақытында өзіне жұмысқа қатысты түрлі ұсыныстар түсе бастағанын айтты. Бірақ, әртіс өзін өнер саласынан басқа жерде көре алмайтынын түсініп, олардан бас тартқан.

 

"Осы пандемияда көп адам мені бизнеске, басқа жұмысқа, басқа салаға шақырып жатты. Ес білгелі осы әншілікпен айналысқан, осы мамандыққа оқып, өмірін сахнамен байланыстырған адамға қалай ұсынады мұндайды“ деп кәдімгідей біртүрлі болып қалатынмын. Сабырмен, көрерменмен қауышатын күнді күтемін! Жаңа әндер іздеп, композитор ақындармен жұмыс жасап, студияда альбом жазамын, фотосессия, бейнебаян түсіремін, дизайнерлермен жаңа образ, көйлектер тіккіземін, түсірілімдерге, жобаларға қалмай қатысамын, халықпен әлеуметтік желі болсын, телевизия арқылы байланысты үзбей, өз сағынышымды басып аламын“ дедім! Солай! Басқа ешнәрсеге икемім де, қалауым да жоқ", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

 

 

Желі қолданушылары өнер иесінің бұл жазбасына қатысты бірден пікір білдіріп, оны толығымен қолдап шықты.

 

Олар да эстрада жұлдызын басқа салада елестете алмайтындарын айтып, оған қандай ұсыныстар келсе де сахнадан кетпеуін сұрады.

 

 




Көрілген: 2104    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.04.2021, 23:01

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31