Мәдина Сәдуақасованы шарапқа теңеген Ғазизхан қызу талқыға түсті (фото)

30 қазан 2018, 12:37

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасованы "шарапқа" теңеген сазгер әрі әнші Ғазизхан Шекербеков желіні бір шулатып алды деп жазады NUR.KZ.

Оқырмандарға Ғазизханның "біреудің әйелі" жайлы пікірі ұнамай қалған.

"Жыл өткен сайын сапасы ұлғаятын шарап" десеңіз түсінеміз", "Дәмін татып көргендей сөйледіңіз ғой", "Өзгенің әйелі жайлы осылай айтуға болады ма?", "Сіздің шарабыңыз үйіңізде күтіп отырған шығар", "Шарап" деген жолап кетсең, басты айналдырады ғой" , - деп жазды оқырмандар.

Алайда қос әнші де оқырмандар пікіріне жауап қайтармады.