Өркениет

Мадина Сәдуақасованың жаңа образы елге жақпай қалды (фото)

  • https://www.instagram.com/sadvakasovamadina/?utm_source=ig_embed

    https://www.instagram.com/sadvakasovamadina/?utm_source=ig_embed

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова әлеуметтік желіде белсенділігін арттырып, көпшілікпен жаңа суреттерімен бөлісуде. Алайда, сан түрлі образ ауыстыратын өнер иесінің бұл жолғы ерекше кейпі оқырмандар көңілінен шыға қоймаған көрінеді. Олар эстрада жұлдызын сынға алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Мадина Сәдуақасова Instagram парақшасында жаңа фотосессиясының нәтижесін жариялап, оның астына әсерлі жазба қалдырған.

 

Шоу-бизнес өкілі онда алдағы уақытта өзіне келбеті мен стилінде көптеген өзгерістер болатынын алға тартты.

 

"Өте қатты өзгереді сырт келбетім, киіну стилім, шаш үлгісі, көбіне, кездестірген адамдар мені бірден тани қоймайды. Мүмкін әртіс болғандықтан солай, әлде ішкі жан дүнием өзгерістерді қалап тұрады ма, білмейм. Бірақ, қанша образ өзгертсем де, түрлі стилисттермен жұмыс жасасам да, адамдардың есінде тек сол кекілді Мадина тұрады. Не де болса, тағы өзгердім" , - деп жазды әнші.

 

 

Алайда, өнер иесінің жаңа образы желідегілерге бірден жақпай қалды. Олар әртістің аса жасандылыққа құмар болып бара жатқанын айтты. Көпшіліктің ойынша, Сәдуақасоваға қатты макияж жасаған жараспайды.

 

"Түріңізге не болған?" , "Жасандылық сол баяғы" , "Өзіңнің қарапайым келбетің жақсы жарасады", "Жақсы кісінің келінісің, түрің қорқынышты екен", "Мына образ бір түрлі екен. Шошып кеттім" , "Көңіл-күйініз болмай жүрген сияқты", "Қарапайым қазақ қызынын образы күшті келеді саған Мадинажан" , "Адам қорқады" , "Қуыршақ болудың қажеті не?" , "Кекілді Мадинаға ешкім жетпейді" , - деп жазуда халық.

 

 




Көрілген: 2078    Пікірлер: 0

жұма, 02.04.2021, 12:06

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31