Мадинаның жаңа образы халыққа жақпай қалды

04 қазан 2021, 09:51

Белгілі әнші Мәдина Сәдуақасова жаңа образымен халықты таң қалдырды. Ол жаңа шаш үлгісін жасау процесінің видеосын салып, жазба қалдырды дап жазады kznews.kz тілшісі.

 

«Білмеймін, Алматының ауа-райы әсер етті ме, бірақ, бүгін @diva_boni -дың салонына барып: “ Балнур, не істегің келеді, соны жаса»,- деп айттым. Та-даам!!! Бір сағаттың ішінде СУПЕР жаңа прическа.

 

Қыздар, бұндай шаш үлгісін бұрын соңды ешкімнен көрген жоқсыздар ғой, даа?!

 

Жаңа ТРЕНД! Жаңа ОБРАЗ! Жаңа АЛЬБОМ! Көзімізді үйрете берейік , бұл өзгерістердің тек басы. Қалай Сіздерге ? «- деген сауалнамасына халық әртүрлі жауап беруде. Көпшілігі жаңа образға ренжулі «мүлдем жараспайды», «шашыңызды құртты «, «өкініп қалған шығарсыз » деген пікірлер қалдыруда.