«MadMEN» музыкалық тобы мүшелеріне қатысты сот аяқталуға жақын

14 қазан 2021, 17:50

Отандық «MadMEN» музыкалық тобы мүшелеріне қатысты қылмыстық іс аяқталу сатысында. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, полиция полковнигі Ерлан Омарбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Бүгінде «MadMEN» музыкалық тобының директоры Р.И.Хванның жетекшілігімен 8 қатысушыдан тұратын қылмыстық топ құру арқылы синтетикалық есірткіні таратуға қатысты атышулы факті бойынша қылмыстық іс аяқталу сатысында. Биыл қаңтар-сәуір айларында жүргізілген жұмыстың нәтижесінде айыптылардан 1,3 келіден астам «мефедрон» синтетикалық есірткі тәркіленді», - деді Ерлан Омарбеков.