Өркениет

"Маған ана да, әке де бола білді": Марат Омаров 94 жастағы анасымен бірге сұхбат берді

  • "Маған ана да, әке де бола білді": Марат Омаров 94 жастағы анасымен бірге сұхбат берді

 Әнші Марат Омаровтың 94 жастағы анасы ұлының кішкентай кезіндегі оқиғаларымен бөлісті. Айтуынша, ол ұрыншақ болған екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Маған ана да, әке де, ана да бола білді. Әкем бір жасымда дүниеден озып кеткен. Анам мені өте жақсы тәрбиеледі. Барлығына қолым жетті. Кезінде мен баян, гитара десем, соны сатып алып беретін. Тағы бір қызығы кішкентай кезімде құдыққа түсіп кеткен болатынмын. Ол да анамның есінде шығар», – дейді Марат Омаров.

Әншінің анасының айтуынша, кішкентай күнінен бастап бір жерде тыныш отырмайтын болған.

«Ұрыншақ еді. Күн бұлтты болғанына қарамастан айдалаға жүгіріп кете беретін. Соған қалай жететінімді білмейтінмін. Келіп тамға сүйеніп тұратын», – дейді Марат Омаровтың анасы Сұлухан Сұлтанова «DASTARXAH» бағдарламасына берген сұхбатында.

«Біздің ауылда тасқын болатын. Су келген кезде бүкіл ауылды алып кетеді. Далада тұрған заттың бәрі: сыпырғыш, күрек, тауыққа дейін ағады. Бірақ мен олар суда ағып кетпесін деп, үйге кіргізіп қоятынмын. Содан там құлап кетпесін деп, оны иығыммен тиеп тұратынмын», – дейді Марат Омаров.

Әнші үздік оқушылардың қатарында болған. Оның барлығы анасының берген тәрбиесінен дейді.

«Кішкентай кезімде Шымкент қаласынан екі жүз шақырым ауылда тұратынбыз. Ағам менің сүндетке отырғызатынын айтып қалды. Мен бүкіл ауылды шулатып қаштым. Сол кезде үлкен ағам ұшақ әперемін деп алдап мені көндірді. Мен Ленин партасында отырғанмын. Үш парта болса, соның бірін қып-қызыл етіп жазып қоятын. Төртінші сынып кезінде мені үздік оқушы ретінде Ленинградқа оқуға жіберетін болды. Сол кезде анам «Балам, Ленинградты қайтесің, Шымкентке көшетін болдық» деп қуанитқан еді», – дейді әнші.

Марат Омаров Әзірбайжан Мәмбетовтың «Жаушы» фильміне түскен. Сол уақытта анасы оны оқудан шығып кетті деп естіпті.

«Баламды оқудан шығарып жіберіп, басқа баланы алыпты дегенде жылап, баламды іздедім. Үйге келе жатсам, балам келе жатыр алыста. Ол да жүгірді, мен де жүгірдім. Сөйтсем, балам киноға түсіпті», – дейді Марат Омаровтың анасы.

Ал Бағлан Әбдірайымов тынымсыз бала болыпты. Анасының айтуынша, ол ауылдағы шошқа қорасына барып, торайларын далаға шығарып жібереді екен.

«Бала кезінен сондай тынымсыз болды. Бір орнында отыра алмайды. Далаға шығып кететін. Екі-үш жасар кезінде де солай болды. Бір уақытта қай қарайғанда келеді. Қайда жүрсің десем, «балалар жүрмін» деп айтатын. Үйіміздің ар жағында шошқа фирма болатын. Қасындағы кішкентай бала екеуі сол жаққа кетіп қалады екен. Сол жақтағы қамап қойған торайларды қорасынан шығарып жібереді екен. Сондай бұзықтықтары болды. Ауылдық жер болған соң апта сайын көкпар болады», –дейді Нұрсұлу Әбдірайымова

Бағлан көкпар көргенді жақсы көрген. Бірақ бір күні қараңғы далада қалып қойыпты.

«Қас қарайып жатыр, көкпар да тарқап барады. Алыстан бәйгеге келген аттарды көлікке тиеп жатыр. Қасымда әкемнің күпәйкесі бар. Арлан деген ит бар. бір кезде төрт-бес кісі ғана қалды. Күн батты, дала қараңғы. Кішкентай баламын. Айдалада жалғыз қалдым. Түн болған кезде атты кісілер жылап отырғанымды көріп кімнің баласы екенімді сұрады. Рашидтің баласы екенімді айттым. Әзіз ағам келіп тұр. Қазір үйге апарамыз сені, шешең өлтіреді деді. Түнде жоғалып кеткенім, жалғыз қалғаным бәрі бір уақытта сейілді. Үйге барғанда анам ұрса ма деп қорықтым», – дейді Бағлан Әбдірайымов.

Stan.kz




Көрілген: 505    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.03.2020, 14:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31