Өркениет

"Маған тоқал бол": Отандық тележүргізушіге тікелей эфирде күтпеген ұсыныс түсті (видео)

  • "Маған тоқал бол": Отандық тележүргізушіге тікелей эфирде күтпеген ұсыныс түсті (видео)

 Қазақстандық арулар екінші әйел болуға тұрмыстың төмендігінен көндігеді және осы арқылы тек өзіне ғана емес, туыс-туғанына көмектесуді көздейді. Нарықта еңбек етуге бәсеке төмен бе, әлде айлық аз ба? Не себепті нәзік жандылар өз құқығын тежеуге мәжбүр? Қазіргі қазақ қоғамында өршіп тұрған бұл мәселе Basty Prime бағдарламасында көтерілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жеңіл ақша табуды көздеген бойжеткендер бай-бағлан азаматтарды да аңдып, танысудың түрлі амалын жасауда. Тіпті, ғаламторға емін-еркін ашық хабарлама қалдырып, бір күндік ақысын да жазып қойған. Елордаға келген бойжеткендердің арасында жеңіл ақшаны табуды көздейтіндер көп.

Ал осы мәселені Еуразия бірінші арнасының тікелей эфирінде талқылаған меймандар күтпеген ұсыныс естиміз деп ойламаса керек. Себебі, олар бағдарлама тізгінін ұстаған Гүлназия Жалғасқызына тоқал болу жайлы ұсыныс айтылғанда таңданыстарын жасыра алмады.

"Гүлназия ханым, сізге хабарласып тұр едім. Желіге жазсам, жауап бермедіңіз. Сізбен қанша танысқым келіп, таныса алмай жүрмін. Мен сізді өзім тоқалдыққа алайын деп едім. Қалжыңдап тұрған жоқпын",- деген көрермен түйткілді мәселенің шешімін іздеп, халықтан өзекті сауал күтіп отырған тележүргізушінің өзін де ыңғайсыз жағдайға қалдырды.

Дегенмен еш саспаған Гүлназия Жалғасқызы бірден бағдарламаны жалғастырып кетті.

"Бізде мұндай да көрермендеріміз болып тұрады. Түсінікті. Өздеріңіз көріп отырсыздар, түрлі адамдар хабарласады",- деген ол тақырыпты басқа арнаға бұрып әкетті.

<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/OQwYMGBOg3Y" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>
 

KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 5408    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.03.2020, 19:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31