Өркениет

«Махаббат деген маңызды» Ренат Гайсин ғашығына сезімін білдірді

  • «Махаббат деген маңызды» Ренат Гайсин ғашығына сезімін білдірді

    «Махаббат деген маңызды» Ренат Гайсин ғашығына сезімін білдірді

Отандық шоу-бинестегі ғашықтар қатарына жайғасқан Ренат Гайсин мен Диная «Карантиндегі жұлдыз» жобасында алғаш рет сұхбат берді, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы
Осыдан алты жыл бұрынбастау алған Ренат пен Динаяның шығармашылық байланысы, уақыт өте келе басқа арнаға бұрылғаны анық байқалады. Ашығын айтайық, сазгер мен әнші бикештің арасындағы сезім ұшқыны сырт көзге көрінгенімен, жұлдызды жұп жасырған еді. Ал, карантин күндері бір шаңырақ астында тұрып жатқан қос ғашықтың құпиясы толығымен ашылғандай…

Иә, жұбы жазылмайтын өнерпаздардың әр қадамын көзі қырағы көрермен де қалт жібермей, оларға түрлі пікірлер жаудыра бастаған. Ал, алып-қашпа әңгімеден шаршаған Диная, бұл жолы үндемей қалмады.

Dinaya_official: Егер қазір бәріміз карантинде отырсақ, қалғанынын өзіңіз ойлаңыз. Біз де сіздер секілді еш жаққа шықпаймыз

Ал жасырын сүюден жалыққан әртістер өзара сезім жайлы ашыла айтпаса да, көпшілікке оны астарлап жеткізуге көшкен. Өмірмен өнерді қоса байланыстырған Ренат әуен шығарса, Дания оны орындайды. Тіпті кейде Гайсиннің өзге әншіге арнап жазған туындысын сүйіктісі өз репертуарына қосып алатын көрінеді.

«Ренат бұл ұл баланың даусына арналған ән деп айтты. Сөздері де сәйкес келмейді деді. Қысқасы жылан секілді «арбап», сұрап алдым. Ал қазір бұл менің әнім деп мақтанышпен айта аламын», – дейді Диная.

Ренаттың алғашқы отбасында төрт баласы бар, Динаяның бірінші некесінен жалғыз ұлы өсіп келеді. Орта жаста ерекше сезімді бастан өткерген қос өнер иесі үшін махаббатсыз дүние бос!

«Махаббат деген – ол маңызды зат өмірдегі. Анаға деген махаббат, табиғатқа деген махаббат, елге деген махаббат, бірақ әрине өзіңнің сүйіктіңе, өзіңнін жарыңа, сүйіп жүрген қыз болсын, келіншек болсын, әйел затын сүю ол бөлек зат. Бір-бірлеріңді жақсы көріңдер, қастарыңнан табылыңдар, бағалаңдар. Өз-өздеріңмен болыңдар», – дейді композитор Ренат. 




Көрілген: 1475    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.04.2020, 11:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30