Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Мақатаев жүлдесі – Нұртілеуде

04 мамыр 2011, 11:15

Сенбі күні Алматы қаласы «Фараон» бильярд клубында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев атындағы I республикалық турнир өтті. Бұл күні қаламгер қауымы қаламдарын тастаяққа алмастырып, бильярд үстелі басында өзара сынға түсті.
Бұл турнирді Ғабит Мүсірепов атындағы қоғамдық қордың директоры, белгілі өнер жа­­нашыры Ғабиден Жакеев, Абай.kz. ақ­па­рат­тық порталының бас редакторы Дәурен Қуат және танымал сарапшы Айдос Сарым ұйым­дастырды. Шарада Мұқағали Ма­қа­таевтың тұяғы Жұлдыз Мақатаев, келіні Ба­қытгүл Айдарова, ел ақсақалы Асанәлі Әші­мов бастаған жүз шақты қа­зақтың игі жақ­сылары бас қосты. Қоғам қай­­рат­керлері, дипломаттар, жазушылар мен журналистердің Мұқаң туралы есте­лік­тері айтылды.
Республикалық жарысқа қоғам қай­рат­керлері Төлеген Жүкеев, Балташ Тұр­сын­баев, Бақыт Оспанов, өнер жұлдыздары Құман Тастанбеков, Меруерт Өтекешова, белгілі жазушы Роллан Сейсенбаев, Ғаббас Қабышұлы ақсақал, Ілияс Жансүгіровтің ұлы Саят Жансүгіров, ақындар айтысын ұйым­дастырушы Жүрсін Ерман, қазақ эн­ци­клопедиясының президенті Бауыржан Жа­қып, күй майталманы Шәміл Әбілтаев, ақын­дар Ибрагим Исаев, Шөмішбай Са­риев, Маралтай Райымбекұлы, Бақыт Бе­дел­ханұлы сияқты қазақтың белгілі ақын­дары қатысты.
Мұқағали Мақатаев атындағы би­льярд­­­тан республикалық турнирдің бас де­меушілері «Ор­да­басы» корпорациясы­ның президенті Дін­мұ­хаммед Ыдырысов, бел­гілі меценат, Ал­маты сауда палатасының пре­зиденті Із­басар Бозаев, Алматы қалалық мә­слихат де­путаты Талғат Әбдіжапар, қо­ғам қай­рат­кері Мұсағали Дуанбеков. Осы орайда Ал­маты сауда палатасының пре­зи­денті Із­ба­сар Бозаев Жұлдыз Мақатаевқа «Қа­расаз» атындағы сыйлық, Несіп Жү­ніс­бай­ұлына «Хантәңірі», Ғабиден Жакеевке «Шал­­көде» сыйлығы берілді. Жұмаш Көк­бө­ріге «Ал­мас қылыш» сыйлығы табыс етіл­ді.Жарыс қоры­тындысы бойынша тө­мен­дегі ойыншылар мын­адай нәтиже көр­сет­ті:

I орын - Нұртілеу Иманғалиұлы
II орын - Бақыт Беделхан
III орын - Тұрмағамбет Кенжебаев
IV орын - Мұхтар Түменбаев