Өркениет

Мақпал Жүнісова: 15 жылда бір азамат келіп "саған ғашықпын, маған тұрмысқа шық” деген емес

  • Мақпал Жүнісова: 15 жылда бір азамат келіп

    Мақпал Жүнісова: 15 жылда бір азамат келіп "саған ғашықпын, маған тұрмысқа шық” деген емес

Мақпал Жүнісова бар ғұмырын өнер мен отбасына арнаған жан. Тіпті жолдасы марқұм болса да, оның орнын ешкім баса алмады дейді. Анасы да екінші рет тұрмысқы шығуға тыйым салған соң бұл тақырыпты біржола жапқан. 

“Зәкеңнің қайтқанына 15 жыл болды. Ол маған әлі тірі секілді. Архив бар, суреттер бар. Әлі тірі жүрген секілді. Қызымды күйеуге берсем, соңынан өзім де ұзатыламын деп әзілдеймін. Бірақ қазір маған кім қарайды? Жасым 56-да. Зәкең қайтқанда 41 жаста едім. 42-ге қараған шағым. Содан бері ешбір азамат келіп, “Мен саған ғашықпын. Маған тұрмысқа шық. Жүр менімен” деген емес. Ешкім ондай батырлық жасаған жоқ”, – деді әнші. 

 Халық әртісінің анасы қатаң тыйым салып, өз ақылын айтқан. Бұл сөзді қызы да жөн көрген екен. 

“Анам да айтты: “Мен тірі тұрғанда күйеуге тимейсің. Біз де жесір қалдық. Өлген жоқпыз. Балаларды жеткізуді ойладық. Сен де қызыңды ойла” деді. Анам 47 жасында әкемнен айырылған. Солай тұрмыс құрмады. Мен де бұл тақырыпқа нүкте қойғанмын”, – деді халық әншісі “Менің өмірім” бағдарламасында.

Заманбек Нұрқаділовтен кейін ешбір азаматпен бас қосу мүмкін еместей көрінеді. Бұл әншінің сөзі. Марқұм жолдасымен барлық ер азаматты салыстырады. Одан аса алмайтынын біледі. 

“Зәкеңмен салыстырып тұрамын. Маған одан артық азамат жоқ. Күйеуге тисем де, ол маған ұнамай тұрар. Себебі, салыстыру болады. Тағы ажырасып жатсаң, жақсы атақ емес. Сондықтан қазір мен немере бағатын уақыттамын. Маған содан асқан бақыт жоқ”, – деді Мақпал Жүнісова. 

stan.kz




Көрілген: 982    Пікірлер: 0

жұма, 15.10.2021, 14:15

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30