Өркениет

Мақпал Жүнісова Ақжол Мейірбековпен құда болды (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Қазақ эстрадасының дүлділі Мақпал Жүнісова "Дос-Мұқасан" ансамблінің мүшесі Ақжол Мейірбековпен құда болды. Әнші туған сіңлісінің қызын өз қолымен ұзатқан деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі . 

 

Мақпал Жүнісова сіңлісі Фаризаның қуанышында түсірілген видеолармен өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Өнер иесі жариялаған бейнежазбалардың бірінде Ақжол Мейірбеков бой көрсетіп, танымал әншімен құдаласып жатқанына сене алмай тұрғанын айтқан.

 

"Бұл таңғаларлық жайт. Алланың сынағынан кейін, ұзақ уақыттан кейін қуанышты күн. Мақпал Жүнісовамен құда болып жатырмыз" , - деді ол.

 

Эстрада жұлдызы желідегілер дұрыс түсінбей қалмас үшін бірден тойға қатысты жауап беріп өтті. Ол сіңлісінің қуанышы таза ауада, тек 30 шақты адамның қатысуымен өткенін алға тартты.

 

Жүнісованың отбасындағы мерекелік шарада өнер иесінің өзі, жаңа құдасы Ақжол Мейірбеков, Кенжебек Жанәбілов өнер көрсетті. Оған қоса, әншінің жалғыз қызы Мерей әпкесінің ұзатуында бидің түбін түсіріп, желідегілерді тәнті етті.

 

"Қыздарыңыз бақытты болсын" , "Сіңліңіз Ақжол Мейірбековке келін болып түсті ме?" , "Тамаша, осындай шағын тойлар дұрыс екен негізі" , "Мерей үлкен әрі қылықты қыз болыпты. Сондай күшті билейді" , "Тойларыңыз тойға ұлассын, екі жас тек бақытты ғұмыр кешсін" , " Сізге ұқсайды екен сіңліңіз. Өте сұлу әрі тірбиелі екені көрініп тұр. Жақсы келін болары анық" , - деп жазуда көпшілік.

 

Айта кетейік, Мақпал Жүнісова белгісіз себептермен Ақжол Мейірбеков пен Кенжебек Жанәбілов бой көрсеткен бейнежазбаларды парақшасынан өшіріп тастады.

 

ВИДЕО   www.instagram.com/tv/CEO8yvsBZhj/

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/tv/CENoZPxBOC9/

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/p/CEOBySchlbE/

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/p/CEQGBsAhU0-/




Көрілген: 10166    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.08.2020, 14:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30