Өркениет

Мақпал Жүнісова атын пайдаланып $3 мың алып кеткен танысы туралы айтты

  • https://www.instagram.com/p/BwevxvGBEgV/

    https://www.instagram.com/p/BwevxvGBEgV/

Мақпал Жүнісова өзінің атын пайдаланып, той иесінен үш мың доллар қаржыны алып кеткен танысы жайлы айтып берді. Бұл туралы "7" арнаның "Гу-гу-лет" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.


Әншінің айтуынша, ол адам көп ұзамай қолға түсіп, қаражатты қайтарған.


"Тойда да алдап кеткен кез болды. Менен басқа адамға ақша бермеңіздер. Той жасаған адам тек менің өзіме ақша әкеліп беруі керек. Өйткені сондай болды. Менің атымнан барып, "Мақпал Жүнісованың директорымын" деп үш мың долларды алған да, тайып тұрған.

Жақын араласып жүрген адам. Бірақ енді оны ұстап алдық. Қайтарды ақшасын. Сондықтан да менімен хабарлассын. Ақшаны біреуге берсе, міндетті түрде суретке түсіріп алсын", - деп ағынан жарылды Мақпал Жүнісова.


Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Астанадағы концерттердің бірінде Мақпал Жүнісованың бағалы тасы бар сырғасы мен әшекейін ұрлап кеткен болатын. 




Көрілген: 691    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.05.2019, 16:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31