Өркениет

Мақпал Жүнісова: Елге танымал халық әртісі жалынып тұрып 40 мың доллар алған, кейін алғанын мойындамай қойды

  • Мақпал Жүнісова: Елге танымал халық әртісі жалынып тұрып 40 мың доллар алған, кейін алғанын мойындамай қойды

    Мақпал Жүнісова: Елге танымал халық әртісі жалынып тұрып 40 мың доллар алған, кейін алғанын мойындамай қойды

Қазақтың ерке қызы, әнші Мақпал Жүнісова үнемі қайырымдылықпен айналысады. Жолдасы Заманбек Нұрқаділовтің көзі тірісінде-ақ көмек сұраған жанға қол ұшын созған. Алайда кейін өз басыма күн туғанда менен сырт айналғандар болды деп ренжіді.

Бұл туралы әнші “Менің өмірім” бағдарламасында айтты. 

 
Мақпал Жүнісова елге танымал халық әртісімен ақша үшін ренжісіп қалғанын айтты. Әнші қарыз берем деп өкініп қалды. Кейде адамға жақсылық жасап жаманатты боласың деп кейіді. 

“Осы елге танымал халық әртісі бар. Атын атамай-ақ қояйын. Күйеуі де халық әртісі. Әуезов атындағы театрда істеді. Бір күні хабарласып, жолдасының сырқаттанып жатқанын айтты. Егер ақша болмаса, жолдасым өледі деп жылады. Жолдасына шұғыл ота жасау керек екен. Содан 40 мың доллар сұрады. Менде ондай ақша жоқ. Мен Зәкеңе айттым. Ол кісінің жиған 45 мың доллар ақшасы бар еді. Апарып бер деді. Мен қолхат жазып алайық па?” деп едім, “сенің оның не? Ол халық әртісі, сен де халық әртісісің. Ертең бет көрісетін адамдармыз. Қалай жазғызасың? Жартысын болса да шамасы келсе бере жатар” деді. Солай мен өз қолыммен 40 мың долларды апарып бердім. Ол осыдан 19 жыл бұрын. Ол кезде ол кәдімгідей ақша”, – деді Жүнісова.


“Мені Мақпал Жүнісова екен деп күле бастады”: Журналист өзінің әншімен ұқсастығы жайлы айтты

Мақпал Жүнісова өзінен кейін туған сіңлісін көрсетті

Алайда сол ақша ота жасауға да жұмсалмаған көрінеді. Науқас 2-3 күн ішінде отаға жетпей көз жұмған. Ал ақшаның қайда жұмсалғаны белгісіз күйде. 

“Ол кісіге ота жасалмады. Ақшаны беріп қойдық. Зәкең айтты. Қырқы, жылы өтсін. Қазалы үйді мазаламайық деді. Кейін өздері қайтарып берер деді. Бірақ 4 жылдан соң Зәкең өзі қайтты. Мен көк тиынсыз қалдым. Сол кезде мен сұрауға ұялдым. Өзі берер деп жүре бердім. Бірақ жауап болмады. Кейін бір адамды жіберіп сұратқанымда, “мен ешқандай ақша алған емеспін” деп кері қайтарыпты. Мен 10 мың доллары болса да қайтарсын деген едім. Ешқандай ақша алмадым деп мойындамады. “30 мың теңгедей ғана ақша берген” деп айтыпты. Сондай да адамдар болады екен”, – деп таңғалды халық әртісі. 

Жүнісова тойға шығып, ақша табатынынын мойындайды. Қайырымдылыққа жиі барады. Қажет болса миллиондап ақша беретінін жеткізді.

“Арыстағы жағдай болды, басқа да төтенше жағдай болды. Бәріне миллиондап көмек береміз. Мен ақшаны тойдан табамын. Айына 2-3 тойға шығамын. Күнде тойлап жүрген жоқпын. Кей адамдар менен ақша сұрайды. Үйге келіп алатындар бар. Мен де өз еңбегіммен ақша тауып жүрмін. Кей адамдардың түсінігіне таңғаламын. Біздің де шығынымыз бар. Бізге де ақша керек. Бәріне бірдей жеткізе алмаймын ғой, Осы уақытқа дейін 50 мың доллардан аса қайырымдылыққа берген шығармын. Ол әркімнің ниетіне байланысты”, – деді ол. 




Көрілген: 715    Пікірлер: 0

жұма, 15.10.2021, 13:58

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30