Өркениет

Мақпал Жүнісова: "Мен Қайрат Нұртас емеспін" (видео)

  • © Foto: Николай Стадниченко

    © Foto: Николай Стадниченко

Мақпал Жүнісова концертінде ән айтып, жоралғы сұраған көкшетаулық әжейдің неге қолын қайтарғанын "Ел аузында" бағдарламасында айтып берді.


Мақпал ханымның айтуынша, елдің бәріне сыйлық таратып бере беретіндей жағдайы жоқ.


"Ойланып қалдым кәдімгідей. Кеше, мысалы бір гауһар тас жүзігімді сахнада тұрып біреуге сыйлап жібердім. Бірақ өйтіп бәріне таратып бере беретіндей менде байлық жоқ қой. Әрине, ырым қып алғысы келді, сондай жақсы ойдан туған шығар деп ойлаймын", - дейді ол.


Дегенмен әнші әжейдің көңілін қалдырмағанына бек сенімді. Ал Қайрат Нұртасты мысалға алуы, өзінің жағдайын үлкен кісіге түсіндіру деп біледі екен.


"Көбіне бізде Қайрат Нұртас кәстөмдерін таратып жүреді. Өйткені оның тігін цехы бар. 20 шақтысын тігіп алып, содан гастрольге шығады да, шетінен таратып бере береді. Ал менде ондай жағдай жоқ. Бірақ, көрдіңіздер ғой, кітабымды, дискімді ол апаға туысқандарым әкеліп беріп жатты. Ол да бір сыйлық деп ойлаймын", - дейді қазақтың ерке қызы.

Ал бұл кітапты басып шығарту әншіге қымбатқа түскен екен.


"Бұл - менің алғашқы кітабым. БАҚ беттерінде жарияланған барлық сұқбаттарым жинастырылып берілді. Онда да қымбат қағазға. 15 мың долларым кетті", - дейді әнші.


Айта кетсек, Наурыз мейрамында Жүнісованың Астанада өткен концертінде сахнаға шыққан әжей әншіге "бірдеңеңді бер енді" деп қолқа салған. Бұған бастапқыда сасып қалған әнші өзінің Қайрат Нұртас емес екенін айтып әзілдейді.


"...Бөркімді шешіп бере алмаймын. Мен Қайрат Нұртас емеспін. Ол кісінің әке-шешесі бай, бизнестері бар. Он шақты кәстөм тігіп қояды да шетінен шешіп, таратып бере береді. Ал менде ондай бай да, байлық та жоқ", - деген еді ол кезде кезде әнші.


 




Көрілген: 633    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.04.2019, 18:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31