Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Мақпал Жүнісова өзге ұлтқа тұрмысқа шығатын қазақ қыздары туралы

15 желтоқсан 2017, 12:04

Еліміздің сүйікті әншісі Мақпал Жүнісова қазақ қыздарының дат елге тұрмысқа шығуына өзінің қарсылығын білдірді. Қаракөздеріміздің елде қалғанын армандайтынын ол қазақ қызы үшін қазақ жігітінен артық серік жоқ екенін айтты.

Бұл туралы ол "Hit TV" арнасына берген сұхбатында айтты.

"Жалпы енді таныстықта тұрған ештеңе жоқ. Негізі көп қазақ қыздары шет мемлекетке күйеуге кетіп жатыр. Әлеуметтік желі арқылы кездесіп, танып-білмей жатып, кетіп жатыр. Соны қолдамаймын. Елде бір-бірімен танысып жатса желі арқылы, оны құп көремін. Болашақ қазақтың тазалығы үшін руды сұрап, қыз-жігіттер жеті атасын білуі керек. Мен қазақ қыздарының елде қалғанын армандаймын. Қазақ жігіттері де өзіміздің қарапайым қазақ қыздарын алса, жақсы болар еді", - деді әнші.

Еске салсақ, бұған дейін әнші Тоқтар Серіков те қытайлыққа тұрмысқа шығатын қазақ қыздарына ренішін білдіріп, олардың бұл әрекетін сынап тастаған болатын.

Nur.kz