Өркениет

Мақпал Жүнісова тағы да алаяқтардың құрбаны болды

  • https://kznews.kz/

    https://kznews.kz/

Алақтар бұл жолы Халық әртісі Мақпал Жүнісованы арықтаудың жолдарын көрсететін жарнамаға пайдаланған. Түрлі қоспаларды жарнамалаған әнші бақандай 26 келі салмақ тастағанын өзі де білмей қалыпты, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Танымал әншінің атынан белгісіз біреулер жарнама жасап, қомақты ақша тауып жүр. Мұны инстаграм желісінен көрген әнші, өз көзіне өзі сене алмаған. Өнер иесі қазір алаяқтарды іздестіріп жатыр.

 

Күнде желіде 30-ға жуық қыз-келіншек арықтаудың жолын сұрайды. Қалай арықтадыңыз? деп сұрақтың астына алды. Сөйтсем желіде менің суретімді жариялап, 26 келі арықтады деп жарнама жасаған екен. Ешкімге сенбеңіздер. Керісінше, 26 келі қосқан сияқтымын деді Халық артисі Мақпал Жүнісова.

 

Осыдан бірнеше жыл бұрын әншінің әуежай қызметкерлерімен дауласқан видеосын таспаға басып алған белгісіз біреулер ғаламтордан оны өшіру үшін әншіден қомақты қаржы талап еткен еді.

 

Өнер жұлдыздары жиі-жиі алаяқтардың құрбаны болып жатады. Мәселен, Мәдина Садуақасованың атынан біреулер тұшпараны жарнамаласа, актриса Әсел Сағатова, продюсер Баян Алагөзова, Халық әртісі Роза Рымбаева арықтаудың жолдарын көрсетіп, көк шайды сатып алуға үгіттеген. Алайда, артынан оның барлығы өтірік екені белгілі болды.




Көрілген: 5114    Пікірлер: 0

жұма, 01.10.2021, 19:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30