Өркениет

Мақпал Жүнісова Ташкентте жеке концерт берді

  • Мақпал Жүнісова Ташкентте жеке концерт берді

    Мақпал Жүнісова Ташкентте жеке концерт берді

 "Қазақтың ерке қызы" атанған халықтың сүйікті әншісі, Қазақконцерт солисі Мақпал Жүнісованың мақпалдай дауысы Ташкент жұртшылығын тамсандырды. Қазақстанның Өзбекстандағы жылы аясында  Ташкентте өткен Мақпал Жүнісованың концерті шетелдік көрерменнің зор ықыласына бөленді, - длеп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Мәдениет және спорт министрлінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Еліміздің ұлттық музыкалық мұрасын кеңінен насихаттауға зор үлес қосқан Мақпал Жүнісованың концерті "Туркистон" концерт залында аншлагпен өтті. Концертте әншінің белгілі туындылары, қазақтың халық әндері және танымал орыс романстары орындалды. Әнші Қазақконцерттің өнер ұжымдары - "Астана сазы" этно-фольклорлық ансамблі мен "Saz&soul" вокалдық-аспаптық ансамблінің сүйемелдеуімен өнер көрсетті.



Ансамбльдер белгілі композиторлар әрі мульти инструменталист музыканттар Бауыржан Ақтаев пен Әділжан Толықпаевтың жетекшілігімен сахнаға шығып, қазақтың дәстүрлі музыкасы мен эстрада өнерін үндестірген тамаша синтездің үлгісін ұсынды. Халқымыздың ұлттық музыкасын жаңа форматта ұсынған ансамбльдер талғампаз тыңдарманның құлақ құрышын қандырды. Бұған қоса, тыңдарман қауымға өз өнерін белгілі әнші Ержан Белғозиев пен концертмейстер Олжас Байділдаев ұсынды.




Осы айтулы жылға сәйкес Қазақконцерт артистері Ташкентте екі үлкен концерт беріп үлгерді. Бұдан аз уақыт бұрын Ташкенттңң дәл осы "Туркистон" концерт залында Қазақконцерт солисі, белгілі әнші Роза Рымбаеваның концерті өткен болатын. 



Осы айтулы жылға сәйкес Қазақконцерт артистері Ташкентте екі үлкен концерт беріп үлгерді. Бұдан аз уақыт бұрын Ташкенттңң дәл осы "Туркистон" концерт залында Қазақконцерт солисі, белгілі әнші Роза Рымбаеваның концерті өткен болатын.





ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақконцерт ұсынған тың жобалар бауырлас халықтарды одан әрі жақындастырып, ежелден бері келе жатқан ынтымағымызды одан әрі жарастыра түскені анық.

Гастрольдік сапарды сәтті өткізген Қазақконцерт ұйымының артистері тағы бір үлкен жетістікке қол жеткізді. Қазақконцерт ұйымы Өзбекстан мемлекеттік филармониясымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Екі жақты меморандум шеңберінде екі елдің мәдени қарым-қатынасы арта түседі.


Тengrinews.kz


 




Көрілген: 398    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.11.2019, 18:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31