Өркениет

Мақпал Жүнісованың шетелге көшкелі жатқаны рас па? (видео)

  • © reactor.inform.kz

    © reactor.inform.kz

Халықтың ерке қызы, сүйікті әншісі Мақпал Жүнісова шетелге көшуі мүмкін. Бұл туралы әнші "Ел аузында" бағдарламасына берген сұқбатында айтты. Әншінің айтуынша, қызы Мерей есейіп, шетелде білім алғысы келеді екен.


"Былтыр мектеп бітірген кезде Мерей Қазақстанда қалам деп уәде берген. Ал биылғы әңгімесі басқаша. Шетелге оқуға барғысы келеді. Ал қыз баланы жалғыз шетелге жіберу қиын ғой", - деген әнші қазір өзінің екіұшты ойда жүргенін айтады.


Әншінің айтуынша, қазір қызы республикалық байқауға дайындалып, ағылшынша ғылыми еңбек қорғағалы жатқан көрінеді. Одан бөлек 17 жастағы Мерей жапон мен корей тілдеріне де ден қойған.


"Ағылшынша заулап тұр. Телефонын ағылшыншаға қойып тастаған. Балжан деген құрбысы бар, екеуі ағылшынша сөйлеседі. Мен түсінбеймін ғой, содан соң бірдемені жасыра ма, білмеймін.


Бірақ осы шет тілдеріне ден қойғанда іштей қорыққанмын. Шет тілдерін оқытып-оқытып алып, ертең ұстай алмай қалмайын деп. Өзі де солай болайын деп тұр", - дейді Мақпал Жүнісова іштегі толқынысын жасыра алмай.


Әнші қызы шетелге оқуға кетсе, онда артынан ілесіп баратынын айтады.


"Барам еріксіз, қайтем енді. Бірақ оған әлі дайын емеспін. "Оқымайсың, бармайсың" дейін десем, өздігінен бірнәрсе жасап қойса қайтем деп тағы қорқасын. Одан соң елдің балалары бәрі барып жатыр. Онда тұрған не бар деп тағы ойлайсың", - дейді ол.


Sputnik


 




Көрілген: 2165    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.04.2019, 21:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30