Өркениет

Мақпал Қаратайқызы: Әйелдер «күйеуім көтеріліп кетсе, мені тастап кетер» деп ойлайды

  • Мақпал Қаратайқызы: Әйелдер «күйеуім көтеріліп кетсе, мені тастап кетер» деп ойлайды

    Мақпал Қаратайқызы: Әйелдер «күйеуім көтеріліп кетсе, мені тастап кетер» деп ойлайды

Тележүргізуші Мақпал Қаратай күйеулерін қызғаныштан өз еркіне жібермей, бейшара күйге түсіретін әйелдердің сынға алды.


 “Еркектердің тестостероны әйелдің эстрогенына ғана «қызығады». Ал тестостерон бұл- ер-азаматтың белсенділігі, қоғамдағы орны, материалдық жағдайы үшін жауап береді. Қаншалық еркектің бойында күш-қуаты зор, соншалық ол өмірде өз орнын табады. Бірақ көптеген әйелдердің ақымақтығы да осы тұста қылтияды. Күйеуін қатты қызғанып, «тек басыбайлы менікі болсын» дейтін әйелдер, іштей, мүмкін толық түйсінбей, оның тасының өрге домаламағанын қаламайды. Себебі, «күйеуім көтеріліп кетсе, мені тастап кетер» деген дүдәмал ой басым. Осы тұста әйел отбасының материалдық жағдайын өз қолына алып, еркек-әйелге айналады немесе күндіз-түні “ақша таппайсың” деп күйеуінің ызыңдап, миын жейтін әйел болады, кейде ілініп-салынып жүреді. Ал еркек тестостероны төмендеген сайын, ол одан әрі бейшара күйге түсіп, күннен күнге әл-қуаты кеми береді.


Тележүргізуші әйелдердің бұндай қателікке жол бермей,керісінше азаматының жоғары көтерілуіне қадам жасауы керек екенін айтады.


“Тестостерон азайғандығының белгілері: Ер-азамат қатты шаршап-шалдығып жүреді, күш-қуаты азаяды, жүйкесі жұқарады, ақша таппайды. Сыртқы белгілері: қарны шығады немесе семіреді. Мұның ақыры инсульт пен инфарктқа алып келеді. Құрметті қыздар, әйелдің бақыты- ер-азаматын төрге сүйреп, соның саясында бақыттан басыңыз айналып жүру. Әрбір еркектің кілті әйелдің қолында. Сондықтан азаматыңызды неге қинап жүрсіз? Алдымен оған толық сенім білдіріңіз, қанаттандырыңыз, шабыттандырыңыз. “Қазақ байыса қатын алады» деген мидағы қорқыныштан арылып, ер-азаматтың орнына өзіңіз еркекке айналмай, қайта күйеуіңіздің ордасын бұзып, қамалын алуына жіберіңіз. Бұл уақытта сіз де құр отырмай, эстрогеніңізді көтеріңіз. Егер бойыңызда осы гармон басым болып, өзге эндорфин, дофамин атты бақыт гармондарыңызбен толығып отырсаңыз, мұндай әйелге деген күйеуінің маxаббаты еселене береді”, – дейді ол.


Тележүргізуші желідегі әлем-жәлем өмірге алданбай, уақытты басқа нәрсеге жұмсауға кеңес береді. Оның орнына бала тәрбиесіне уақыт бөлудің дұрыс екенін айтады.


“Инстрграмдағы жарқ-жұрқ еткен өмірге қызығып жатырсыз ба? Олардың бәрі бақытты, сіз бақытсыз сияқты күй кешесіз бе? Олардың бәрі іс тындырып жүргендей, сіздің өміріңіз босқа өтіп жатқандай ма? Инстаграмды қарап жатсаңыз, өміріңіз расымен де босқа өтіп жатыр. Ол уақытты балаңызға ертегі оқуға, күйеуіңізге сүйікті асын дайындауға және өзіңіздің руxани өсуіңізге жұмсаңыз. Тек қажетті ақпаратты оқыңыз, өзгенің өміріне қызықпаңыз. Сіз де бақыттысыз.


Кеудесінде жаны бар жанның бәрі бақытты. Тек өзгенің бақытына көз саламын деп жүріп, өзіңіздің бақытыңызды басқа теппеңіз. Бақыт- жылтырақ өмір емес. Бақыт – жүректің тыныштығы, отбасының амандығы, бала-шағаңның шат күлкісі. Беті жылтыр жанның жүрегінің түбінде қандай жара бар екенін сіз білмейсіз. Өзгенің өміріне езеурей бермеңіз. Өз өміріңіздің нұсқасын жасаңыз. Бақыт -ақша, атақ, мансап емес. Бақыт қарапайым сәттерден құралады. Инстаграмды қарап жатсыз ба? Өміріңіздің сәттерін өткізіп алмаңыз”, – дейді тележүргізуші желіде.


stan.kz




Көрілген: 734    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.01.2019, 21:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30