Өркениет

Мамандар кеңесі: киім-кешекті вирустан тазарту тәсілі

  • https://www.rbc.ua/

    https://www.rbc.ua/

Сын сағаттарда оқшаулану мен ара қашықтықты сақтау маңыздылығын білмейтін адам кемде-кем, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Десе де, сырттан келген соң үйге қалай кірген жөн? Қол тазалығы түсінікті, ал сырт киімді тазалау қаншалықты маңызды?

 

Мамандардың айтуынша, вирус түрлі заттардың бетінде айтарлықтай ұзақ уақыт өмір сүреді. Мысалы, бір реттік қолдануға арналған медициналық қолғапта 8 сағатқа дейін, ал пластикте 5 күнге дейін өз белсенділігін жоғалтпайды. Яғни, вирус үйге адаммен ілесіп келуі әбден мүмкін.

 

«Сондықтан пандемия кезінде киімге дұрыс күтім жасау артық етпейді», - дейді мамандар. Ендеше маманның кеңесіне құлақ түрейік.

 

Әсия Молдыманова, ТКҚС бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің бөлім басшысы:

 

- Арнайы құрамында этил спирті бар антисептикалық заттар бар. Солармен сырт киімнің тігісінің арасын өңдесе және оны басқа киімдерден бөлек сақтау керек. Ең дұрысы, балконда ұстаған дұрыс. Және сыртқа шығып келген аяқ киімді хлор сумен, аяқ киімнің табанын хлор сумен және этил спиртімен өңдесе өте дұрыс.

 




Көрілген: 556    Пікірлер: 0

жұма, 03.04.2020, 18:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30