Өркениет

Марат Омаровтың ұлы некесіз туған қызын бірінші отбасымен таныстырды

  • Марат Омаровтың ұлы некесіз туған қызын бірінші отбасымен таныстырды

    Марат Омаровтың ұлы некесіз туған қызын бірінші отбасымен таныстырды

 Әнші, композитор Марат Омаровтың ұлы Азамат Омаров некесіз туған қызы алдындағы әкелік парызын өтеп жүр. Бірінші некеден туған ұл-қызын Көзайыммен таныстырып көзайым болып жатыр.

Бұған дейін Азамат Омаровтың некесіз туған қызы туралы көпшіліке жария болды. Омаровтар әулеті кішкентай қыздың тағдырына алаңдайтындарын жеткізіп, далада тастамауға уәде берген еді. Содан бері Марат Омаров та, ұлы да кішкентай Көзайымға қарайласып тұрады.

Азамат қызы екенін бастапқыда мойындамағанымен ДНҚ арқылы әкесі екені анықталғаны естеріңізде болар. Марат Омаров та, Азамат Омаров та бұл жағдайды қуанышпен қабылдап, қыз баланы бауырына басты.

Азамат Омаров отбасылы азамат. Бірінші некесінен туған ұл-қызы бар.

Азамат Омаров бір сұхбатында, осындай сынақтан соң әйелінің сенімін қайта қалпына келтіруге барын салатынын айтқан болатын. Ал, Марат Омаров қазақтың көбейіп жатқанына қуанатынын, немересін жақсы көретінін жеткізген еді.

Желідегі жұрт Азаматтың әрекетін қолдап, тілегін айтты.

"Жарайсың, тату болғаны жақсы", "Балаларыңды араластырып тұрыңдар, әйеліңе рахмет", "Жарың қалай қабылдады, сенің айтқаныға көнді ме?", "Азамат екенсің, оны түсінген әйеліне де ризамыз", "Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам деген осы. Шындық бір-ақ күнде ашыла салды", "Дәурен отбасымен таныстыра алмап еді, сен жарапсың", - деп жазды олар.

Stan.kz




Көрілген: 838    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.07.2020, 22:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30