Өркениет

Маржан Арапбаева алғашқы күйеуі жайлы бар шындықты айтты

  • http://lookalike.top

    http://lookalike.top

Маржан Арапбаева алғашқы некесі туралы айтты, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасап.


Танымал әншінің үлкен қызы бірінші некеден туылған. Алайда, қазір ол анасымен бірге екінші әкесінің мейіріміне бөленіп жүр. Әншінің айтуынша бірінші күйеуі қызын іздемейтін көрінеді. Дегенмен Маржан Арапбаеваның екінші жары оны өз баласындай көреді.


"Үлкен қызымның әкесі бөлек. Әкесі қызымның өміріне мүлдем атсалыспайды. Хабарласпайды, іздемейді, сұрамайды. Мен ешқандай бөгет жасап, кедергі келтірген жоқпын. Қызым көргісі келеді. Қызым өзі хабарласып, іздеген кездері болды. Отбасы жоқ. Бірақ, қыздың жүрегін ауыртпайын, өзім де уайымдаймын деп жақындамайтын сияқты", - дейді Маржан Арапбаева.


Айырылысқаннан кейін алғашқы жылдары қызы мен бұрынғы күйеуі кездесіп тұрған. Артынша, әкесі перзентінің жүрегін ауыртқысы келмегендіктен араласпауды жөн көрген сыңайлы. Бірінші күйеуінен алмент алып көрмеген әнші, қызы үшін барлық жағдайды өзі және екінші жары жасап отырғанын айтты.


"Біз айырылысып жатқан кездері мен қызымызды апарып тастайын, келіп алып кет, сені көргісі келіп жатыр деп айтатынмын. Бірақ уақыт өте келе бәрі өзгерді. Сегіз жыл өтіп кетті. Мүлдем алимент төлемеген. Алименттен өзім бас тарттым", - дейді Маржан Арапбаева.


 




Көрілген: 4559    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.09.2019, 12:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30