Өркениет

Маржан Арапбаеваның пластикалық ота жайлы бар шындығын айтты

  • Фото: Instagram/arapbayevamarzhan

    Фото: Instagram/arapbayevamarzhan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Маржан Арапбаева өзінің пластикалық ота жасатқаны туралы қауесеттерге жауап берді. Әнші бет-әлпетіндегі өзгерістерді түсіндірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Маржан Арапбаева пластикалық операцияларға ешқашан жүгінбегенін алға тартып, көпшілікті шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпауын сұрады.

 

Өнер иесі Instagram желісінде өзіне қатысты қауесеттер таратып жүргендерге арнайы видео үндеу жариялады.

 

"Достар, міне сіздерге мүлдем бірде-бір фильтрсіз видео жолдап жатырмын. Бұл бейнежазба мені миллион пластикалық ота жасатып алды деп сөгіп жүргендерге арналады. Бұл жалған. Ал косметолог мамандарға жиі баратыным рас. Әр екі апта сайын барып тұрамын. Себебі, ешқандай крем иньекциялық процедуралар сияқты көмектеспейді. Сол үшін мезотерапия, биоревитализация жасатып тұрамын. Осыдан кейін мен өзімді жасатып алғанымды жазуды қойсаңыздаршы" , - деді Маржан Арапбаева.

 

Алайда, желі қолданушылары әншінің пластикалық отаға жүгінгенін жазуды тоқтатар емес. Оқырмандар оның соңғы жүктеген суретінің астында қызу талқы ұйымдастырып, оны сынның астына алған.

 

 "Не десе де жасандылық көрініп тұрады" , "Пластикаға беріліп кетіпті" , "Мына кісі түрін тағы да өзгертіп тастапты. Жаттап үлгере алмай жатырмыз" , "Түріңіз қатты өзгеріске ұшыраған", "Баяғы Маржаннан түк жоқ. Неге Алланың берген түрімен жүре бермеске?" , - деп жазуда көпшілік.

 

 

 

 

 




Көрілген: 4565    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.02.2021, 18:03

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30