Өркениет

"Масқара жағдай": Галкин Димашқа пародия жасаған актрисаны қатаң сынға алды – видео

  • "Масқара жағдай": Галкин Димашқа пародия жасаған актрисаны қатаң сынға алды – видео

Танымал ресейлік тележүргізуші Максим Галкин қазақстандық әншінің образына пародия жасамауға кеңес берді. Ресейлік актриса Валерия Ланская "Точь-в-точь" шоу бағдарламасы аясында Димаш Құдайбергенге пародия жасап, "Любовь уставших лебедей" әнін орындады.   

Шоу кезінде Ланскаяның командасы Димаштың клипін барынша қайталауға тырысты. Бишілерді шығарып, актрисаға грим жасалды. Осылайша бет-әлпетін Димаш Құдайбергенге барынша ұқсатқан.  

Қазылар алқасының үш мүшесі Ланскаяның өнеріне жоғары баға берді. Ал Михаил Боярский оның Димаштың образын да, дауысын да дәлме-дәл салғанын жеткізді. Алайда танымал пародист, тележүргізуші Максим Галкин әріптестерімен келіскен жоқ.

"Сен жанкешті екенсің! Алайда масқара жағдай болды, айып етпеңіздер. Жоғары ноталарды алғандай болып, әннің жартысында төменгі ноталармен қақалып-шашалуға болмайды. Димаш Құдайберген – ғажайып әнші. Жалпы, мен бұл образға пародия жасамауға кеңес беремін", - деді Галкин.
Максим Галкин қазақстандық әншінің жоғарғы және төменгі ноталарға емін-еркін өте алатынын, ал оны тыңдағанда еркіндік сезілетінін жеткізді.  

"Бұл – оның басты ерекшелігі. Толыққанды еркіндік, ол өз дауысын еркін ұстайды және еркін басқара алады.  Өмірде сирек кездесетін нәрсе. Иә, бес октавасы бар. Бірақ мәселе онда емес. Димаш сол бес октавамен ары-бері жүре алады. Сөйтіп, дельтаплан сияқты ұшады. Ал мына жерде паровоз жүріп өткендей болды. Онымен қоймай, соңында ысқырығын да беріп өтті", - деп атап өтті Галкин.

Ал YouTube арнасында пікір жазған адамдар Валерияның батылдығына риза болды. Себебі Димаштың образын сомдау оңай емес.




Көрілген: 4878    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.03.2021, 11:26

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31