Өркениет

Мәскеуде аты аңызға айналған "Дос-Мұқасан" тобы туралы фильм трейлерінің премьерасы өтті

  • Мәскеуде аты аңызға айналған

    Мәскеуде аты аңызға айналған "Дос-Мұқасан" тобы туралы фильм трейлерінің премьерасы өтті

"Дос-Мұқасан" тобы туралы фильм трейлерінің премьерасы Мәскеудегі халықаралық "Русский кинобизнес" кинонарығында өтті , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айдын Сахаман түсірген фильмнің трейлері Орталық Азия елдерінің жобаларының негізгі блоктарының бірінде ұсынылды. Мәскеуге Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан және Тәжікстанның жетекші кинокомпаниялары мен қорларының атынан 12 делегация келіп, 200-ден астам фильм ұсынылады.

Жаңа қазақстандық киножобаның сценарийі аты аңызға айналған "Дос-Мұқасан" вокалды-аспаптық ансамблінің оқиғасына негізделген. Көркем фильмнің түсірілімі 2020 жылдан бері жүріп жатыр, фильмнің премьерасы келесі жылға жоспарланған.

Айта кетейік, 2021 жылы топтың құрылғанына 55 жыл болды. Фильмнің сюжеті 60-70 жылдардағы атақты қазақ ансамблі төңірегіндегі оқиғаларға негізделген, олар қазақ және орыс тілдерінде өзіндік шығармалары мен халық әндерін орындаған. Фильм бір күні қауіп төндіретін достық туралы. Сондай-ақ, жас студенттердің аңызға айналған топқа айналғанға дейінгі өмірі туралы.

Басты рөлдерде Досым Сүлеев рөлінде Мейірхат Амангелдин ("Каникулы offline"), Мұрат Құсайынов рөлінде Мақсат Сәбитов және Хамит Сынбаев рөлінде Елдос Шайкенов ойнайды. Сондай-ақ басты рөлдердің бірін вайнер Артур Асқарұлы сомдады. Фильм ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қатысуымен түсірілді.

Tengrinews.kz




Көрілген: 389    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.12.2021, 14:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31