Өркениет

Майра Ілиясова: Күйеуіме өзім іздеп жүріп жас тоқал алып бердім, ол ұл туып берді

  • Майра Ілиясова: Күйеуіме өзім іздеп жүріп жас тоқал алып бердім, ол ұл туып берді

    Майра Ілиясова: Күйеуіме өзім іздеп жүріп жас тоқал алып бердім, ол ұл туып берді

Майра Ілиясова өзін өнерге арнаған жан. Жастайынан әншілікке құмар болып, ән айтып өсті. Әлі күнге сахнада. Отбасынан өнерді биік қойған. Тіпті сол үшін жолдасына екінші әйел алып беріп, өзі бөлек кеткенін айтады.

Бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында айтылды. 

 
Майра Ілясова ерте жастан тұрмыс құрды. Жолдасы да өнер жолында. Ортақ бір қызы бар. Тоғжан есімді қызы бүгінде тұрмыс құрып, балалы-шағалы болды. Ал Майра Ілиясова күйеуінен бөлек бір отау болып тұрып жатыр. 

“Мен 1-курс оқып жүргенде жолдасыммен таныстым. Екеуміз ерте үйлендік. Ол қызыма, отбасыма қарады. Мен үнемі гастрольдік сапармен жүрдім. Бір айлап, қырық күндеп кететін едік. Сөйтіп жүргенде маған ешқашан тыйым салған емес. Үйде отыр, тамақ істе деген емес. Қызыма өзі қарады, үйге өзі қарады. Мен өнерге өзімді арнаған адаммын. Өнерді тастай алмадым. Үйде отыра алмадым. Солай жүргенде мен бұның дұрыс емес екенін білдім. Жолдасым балажан еді. Ұл баланы жақсы көретін. Оған екінші әйел ал дедім. Ұл бала туып берсін дедім. Мен бөлек отбасы болып отырамын дедім. Мен өзім рұқсат еттім”, – дейді әнші. 

Әнші сіңлісінің құрбыларын сұрастырып жүріп, бірін жолдасымен таныстырған екен. Қазір екінші отбасы болып тұрып жатыр. 

“Әпкемнің қызына айттым. 30-дан асқан құрбыларың болса айт дедім. Ол екі қызды айтты. Соның бірін таныстырды. Жолдасым мен тапқанымды білген жоқ. Мен де айтпадым. Майгүл есімді қызбен танысты. “Оның аты да саған ұқсайды, туған күні де бірдей, руы да бірдей екен” деп мені жұбатып жатыр. Кейін менің таныстырғанымды білгенде ренжіді. Бірақ қазір бірге. Ұлды болды. Ол 10 жастан асты. Барып тұрамыз. Олар бізге келеді. Майгүл маған келін секілді. Қызыма да бәрін түсіндіріп айттым. Ол психологиялық жарақат алған жоқ. Махаббат мәңгі емес. Не себепті өліп-өшіп үйленгендер кейін бәрін тастап ажыраса береді. Себебі махаббат жоғалады. Туыс адамға айналып кетесің. Басқа ешнәрсе қалмайды. Менде де сондай болды”, – дейді Ілиясова. 

Әншінің өзі екінші рет тұрмыс құрған жоқ. Сөз салған азаматтар кезіккенімен, ол өзін өнерге, немерелеріне арнады. 

“Менің немере бағатын, оларға қарайтын, шәкірт тәрбиелейтін, өнерде жүретін кезім келді. Мен өзімді соған арнадым. Махаббат болған жоқ. Тұрмыс құрғым келмеді. Жолдасым тоқал алғанда қызым 15 жаста болды. Біз 20 жыл бірге тұрдық. 7 жыл бұрын астанаға келдік. Ал жолдасым отбасымен Алматыда тұрады. Қандай жағдай болса да мен көмек қолын созам. Қуанышта біргеміз”, – деді ол.

stan.kz




Көрілген: 1178    Пікірлер: 0

жұма, 15.10.2021, 10:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30