Өркениет

Майра Ілиясова Меруерт Түсіпбаеваны сотқа бермек

  • Майра Ілиясова Меруерт Түсіпбаеваны сотқа бермек

    Майра Ілиясова Меруерт Түсіпбаеваны сотқа бермек

Майра Ілиясова түрмеге жабылған белсенді Әлібиге деп жиналған 4 миллион теңгенің есебін сұраған Меруерт Түсіпбаеваны сотқа беретінін мәлімдеді. Ілиясова қолына ешқандай да ақша тимегенін, қаражаттың тікелей Әлібидің әпкесіне аударылып отырғанын хабарлады. Ол елдің алдында абыройына нұқсан келтірген әріптесінің үстінен арыз жазбақ ниетте, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Меруерт Түсіпбаева Әлібиге байланысты мәселеге орай менің тарапыма жағымсыз әңгіме көтеріп отыр екен. Кешелі бері дос, таныс, туыс, өнер жанашырлары хабарласып: "Сіз жайлы жайсыз әңгіме таратып жатыр", - деп алаңдаушылық танытуда. Сонда да сабыр сақтауға, айқайға қамшы басып даурықпауға тырыстым.
Ал, енді халық алдында жауап берейін.

"Алдында жинаған ақшаның есебі - Майра Ильясовада. Халықтан жиналған 4 млн. теңгені сол кісіге тапсырдық", депсің. Ол ақша неге маған берілу керек? Халық жинаған  қаражат карточкасының номері жазылып көрсетілген Әлібидің әпкесі Табышова Нұрбақыт Қаныбековна ханымға бірден аударылып отырды. Маған ешқандай ақша берілген жоқ.

 
Әлібиге көмек ретінде бәріміз, яғни Меруерт Өтекешова, Қанат және Света Айтбаевтар, Асхат Маемиров, Әлібидің курстастары біраз адамдар атсалыстық.

Мен "Айдын Нұры" қорына Әлібиге көмек ретінде өтініш білдіргенімде, 1 млн. теңге Әлібидің әпкесі Нұрбақыт ханым карточкасына аударылды", - деп жазды Ілиясова Instagram-дағы парақшасында.

Меруерт Түсіпбаева адвокат Абзал Құспанның Әлібиді тегін қорғауға дайын екенін айтып, кезінде әріптесі ұсынған екі қорғаушыдан бас тартуға ұсыныс жасағанын, оған Ілиясованың көнбегенін айтқан еді. Бұған Майра ханымның берер жауабы мынадай: 

"Осы екі адвокат ұсынылған кезде Әлібидің ұстаздары Асхат Маемиров, Меруерт Өтекешова бастаған топ мүшелері мақұлдап, бәріміз шешім қабылдағанбыз. Ақша туралы есеп сол 2 адвокаттан сұралу керек.
Мен бар жоғы Әлібиді қорғаған қолдаушының бірімін. Осы кезге дейін біздің жан айқайымызға құлақ асқан ешқандай құзырлы органдарды көргеніміз жоқ.

Әлібидің мәселесі сен өзің ғана шешетін немесе әлеуметтік желіде хайп жасайтын әңгіме емес. "Жаптым жала, жақтым күйе" етпей, әрбір мәселенің шындығына көз жеткізіп, 
нақтылы дәлелмен ғана жарияға жар салуға болады. Біз халықтың алдында жүргеннен кейін әрбір сөздің өзіндік салмағы, мәні, мағынасы болады. 

Халықтың ынтымақпен, шын ниеттестікпен, жанашырлықпен ұл-қыздарының несібесінен жырып берген әрбір қаржысы аманат. 
Тағы да қайталап айтайын, халықтың қаржысы түгелімен Әлібидің әпкесінің есепшотына жіберілген.

Меруерт, халыққа мен туралы теріс пікір қалыптастыруға әрекет еткенің үшін, менің арыма кір келтіргенің үшін сот органдарына жүгінуіме тура келеді", - деп түйіндеді сөзін ол.

Естеріңізде болса, Меруерт Түсіпбаева "халық жинаған 4 миллион теңгені Майра Ілиясоваға ұстаттық" деп, қаржының есебін талап еткен еді.

Stan.kz




Көрілген: 526    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.10.2021, 10:48

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31