Өркениет

Мекемтас Мызахметов: Шешем мені арқалап алып қашты, ал қарындасымды қасқырлар жеді

  • Мекемтас Мызахметов: Шешем мені арқалап алып қашты, ал қарындасымды қасқырлар жеді

    Мекемтас Мызахметов: Шешем мені арқалап алып қашты, ал қарындасымды қасқырлар жеді

Белгілі жазушы Мекемтас Мырзахметов естеліктерінің бірінде өзінің ашаршылық заманында қалай аман қалғанын айтты. Айтуынша, анасы өзін қасқырдан қорғай қашып аман алып қалған. Алайда қызы жыртқышқа жем болған.

“Мен ашаршылықты өз көзіммен көрдім. 3-4 жасар кезім. Шешем мені көтеріп бара жатты. Айналамда өліп жатқан адамдар. Базардан бір нәрселер алып, қайтып келе жаттық. Көзім қарны жарылып жатқан адамға түсіп еді, шешем көзімді көлегейлеп жаба берді. Сонда адамның іші кеуіп, жарылып кетеді екен. Мұның бәрі саналы түрде қолдан жасалған геноцид екенін кейін білдім", - дейді ғалым.

 
Мырзахметов 1932-1933 жылдардағы ашаршылық туралы айтты.

"Шешем, қарындасым үшеуміз жолға шықтық. Кеш болып қалған кезде бізді үш қасқыр қоршап алды. Мен қорыққанымнан анамның етегінің ішіне кіріп кеттім. Қасқырлардың көздері жарқырап тұрды. Бір кезде таяғына сүйенген шешем мені арқалап, қаша жөнелді. Қасқырлар жым болып қалды. Одан кейін қарындасымның шыңғырған дауысын естідім. Қасқырлар таласып, оны жеп жатты. Біз сайға түсіп кетіп, аман қалдық”, – дейді жазушы. 

Бұндай аянышты жайт жазушының басында ғана болған жоқ. Ашаршылық заманында қасқырға жем болған бала көп. Адамдар өлім аузынан қалды, қаншама жазықсыз жандар аштан қырылды. 

“Осындай жағдай қазақ даласының әр жерінде болып жатты… Сол кезде "Сталин мұны білсе - қойдырар еді" деген сөздер айтылушы еді. Негізінде керісінше екен ғой… Оның мақсаты ұлы даланы иесіз қалдыру еді. Өзімізді өзіміз қолға алмасақ, басқа ешкім жанашыр болмайды. Жастар тарихты жақсы біліп, шындықты ашуы керек. Біз сол ашаршылық кезінен бастап ұлттық санадан айырылдық. Институт бітіргеннен кейін ғана менің санам ашыла бастады. "Қазақ қалай орыстандырылды?" деген кітапты жазып, қазақтың ой санасына әсер ете алғандай болдық", - дейді Мекемтас Мырзахметов.

“Ол кезде не болғанын білмейсіңдер ғой, қандай ана десеңші, нағыз ана ғой”, “Осыдан кейін ол кісіге оңай болды деп ойлау қате, ішінен қан жұтып өткен болар”, “Қазіргі жағдай осы әңгіменің желісіне жақын емес пе екен деп ойланып қаласың”, “Алла бір өзің жар бол бүкіл әлемге! Мұқтаж халыққа жар бол!”, “Жүрегім ауырып кетті”, “Анасы өзін қасқырға берсе, балаларын да жейтін еді ғой”,  деп жазды желідегілер. 

stan.kz




Көрілген: 3500    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.10.2021, 16:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31