Өркениет

«Мектептерде сексуалды білім берілгенін қолдаймын» - Айсәуле Бақытбек

  • «Мектептерде сексуалды білім берілгенін қолдаймын» - Айсәуле Бақытбек

    «Мектептерде сексуалды білім берілгенін қолдаймын» - Айсәуле Бақытбек

Бикештің айтуынша, аборт жасатқаннан гөрі, жүктіліктің алдын алған әлдеқайда дұрысырақ.

Айсәуле Бақытбек жұбайы Әлішермен заңды некеге дейін бірге тұрған. Қос ғашық Америкада біраз уақыт бойы бірге өмір сүрген. Мұны ашық мойындаған Айсәуле абортқа көзқарасы жайлы баяндады, деп жазады Stan.kz. 

Айсәуле Бақытбек баланы жасанды жолмен алдырып тастауға қарсы екенін жеткізді. Бикештің айтуынша, аборт жасатқаннан гөрі, жүктіліктің алдын алған әлдеқайда дұрысырақ. Бұл ретте Баян Алагөзованың қызы мектептерде сексуалдық сауаттылықты арттыру қажеттігін алға тартты. 

"Мен абортқа қарсымын және мектепте сексуалды білім берілгенін қолдаймын. Оқуға кетпес бұрын жүктілікті болдырмаудың жолдарымен анам таныстырды (21 ғасырда әр қызда солай болуы тиіс деп ойлаймын).
Оның не екенін және не үшін керек екенін айтып берді. Оның үстіне: "Менен жасырып, аборт жасағаныңды қаламаймын. Оның соңы орны толмас зардап әкелуі мүмкін", деді. Одан мен жеңілтек, азғын болып кеткен жоқпын.

Аборт жүктілікті болдырмаудың жолы емес. Бұл - тас ғасыры. Адамдар жоспарланбаған жүктілікті болдырмау үшін контрацептивтерді ойлап тапты. Ал бізде қыздар 2021 жылдың өзінде аборт жасатып жүр. Дамыған елдің дамыған қаласында солай. Жоғары, тіпті бірнеше жоғары білімі бар қыздар сондай қадамға барады. Шалғайдағы мекендерде не болып жатқанын елестету қиын", - деп ойымен бөлісті Айсәуле желідегі парақшасында. 




Көрілген: 753    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.11.2021, 18:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31