«Мемлекеттік қызметкерлерге сенім жоқ» – Нұрлан Өнербаев

03 наурыз 2022, 08:59

Әнші, актер, мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Өнербаев Talk Like жобасына қонақ болып, сұхбат берді.

Нұрлан Өнербаев Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің 4-ші шақырылымының депутаты екені белгілі. Журналист әншіден «сіз қандай депутат болдыңыз?» деп сұрады.

– Менің қандай депутат болғанымды жұрт әртүрлі етіп айтады. Мен Алматы қаласы мәдениет басқармасын басқарған азамат ретінде өнердің айналасындағы жетіспеушіліктер, заң тұрғысындағы мәселелер бойынша жұмыс істеймін деген ой болды. Көп ұсыныстарым өтпеді. Менің түсінгенім, кәсіпкерлік заңның статусы мәдениет заңына қарғанда жоғары екен. Үш рет мемлекеттік хатшының атына сауал жолдағаным есімде, – деді Өнербаев.