Өркениет

"Мені жек көріп жатса, жаман шығармын": Гүлзира Айдарбекова келіндеріне қатысты сыр шертті

  • "Мені жек көріп жатса, жаман шығармын": Гүлзира Айдарбекова келіндеріне қатысты сыр шертті

Гүлзира Айдарбекова екі келінін салыстырып, бірін - жақсы, бірін - жаман деп бөлген желі оқырмандарына жауап берді. Ол екі келінін де жақсы көретінін, әрқайсысы үшін жүрегін жұлып беруге дайын екенін жеткізді. Келіндерім - қызымдай болса деген арман-тілегін де жасырмады.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. 

Продюсердің екінші келіні Әйгерім өз парақшасында енесі екеуінің жиһаз таңдап жүрген сәтін бөлісті. Ене мен келінді бірге көрген жұрт Жұлдызға қатысты неше түрліні жазып, екеуін салыстырды. 

 
"Есесіне Жұлдыз көпке шыдаған келін", "Жұлдыздан қарағанда осы келін ақылды көрінеді, молодец", "Жұлдыздан тәкәппарлық сезіледі, ал Әйгерім құдды бала сияқты, ақжүрек екені сезіліп тұрады", - деп жазды олар.

Бұған Гүлзира Айдарбекова үнсіз қарап отыра алмады. 

"Қайтесіздер бөліп жарып. Екі келінім де ыстық. Жұлдызды жамандағанымды көрдіңіздер ме? Жастар ғой, кейде қателеседі бәрі де. Ойлансын, өз-өздеріне келсін деп үндемей қоя саламын. Себебі: әр адам біреуге ренжімес үшін менен қандай кінә болды екен деген көкейінде сұрақ тұрады. Мен келіндеріммен бірге көп тұрған ене емеспін, ылғи да ізденіс үстіндемін, 1 айда аз уақытқа барамын да не жетпейді соны түгендеп жағдайларын жасап кетемін. Айтсам ақылымды айтамын, түсінсе қабылдар, түсінбесе өздері білер. 


Гүлзира Айдарбекова: 35 жыл ішінде ажырасамын деп үйіме барып көрмеппін


Сіздер не десеңіздер де менен жақын бола алмайсыздар, олар менің өмірімнің жалғасы, әрқайсысы үшін жүрегімді жұлып беруге дайынмын. Өйткені келіндер маған, менің қаным немерелерімді өмірге алып келді. Тек қызым жоқ, қызымдай болса деп армандаймын, қазір түсінбесе ұл-қыздары өсіп жатыр сосын түсінер. “Сиырға туған күн, бұзауға да туар”. Менде тек ана жүрек ешкімге ренішім жоқ, ешқайсысын жамандай алмаймын, мені жек көріп жатса, жаман шығармын, әрқайсының жүрегі білсін", - деп жазды ол.

Гүлзира Үсенқызы келіндерге келгенде қаталдық танытпайтынын ашып айтты. 

"Менің көрген қиындығымды көрмесе деп тіледім. Біле білсеңіздер әр қызға анасы қандай қатаңдық танытса да ертеңіне ұмыт болады, анасының жылы сөздері мен маңдайын сипаған ыстық алақаны ғана елес болып тұрады, ал енеге келсек жақсылықтың бәрі ұмыт болып, тек жылына бір рет болса да, тәрбие болсын деп бір айтқан ауыр сөзің болса өмір бақи жүректерінде тұрып қалады, өйткені сен енесің, өмір солай…


"Айғай-шу, қарғап-сілеу болған жоқ": Нұрлан Албан бірінші әйелімен ажырасуына қатысты


Саған кім не ойлап не жасаса да, алдына келмей қоймайды, сол кезде қадіріңді біліп жатады. Мен өкінбеймін, Алланың маған осындай келіндер бергеніне, бәрі де ақылсыз емес, қазір түсінбесе түбі түсінеді. Тек амандық тілеймін. Бірақ сырттан бал ашып, керексіз жерге тұмсық тығып тіміскіленгенше, өз өмірлеріңізбен алысқандарыңыз жөн болар. Ал мен кейде суық қарасам, бір пісіріп алайын деген ойым шығар. Сол себепті екі келінімді бөліп жармаңыздар, мен анамын барлық уақытта кешіремін және кешіріммен қараймын. Менің өмірім мына менің әлемім болып қала берсін", - деді продюсер.




Көрілген: 836    Пікірлер: 0

жұма, 17.09.2021, 12:37

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31