Өркениет

«Мені қылмыскер санап тұр ма?»: Балғынбек Имашевтың Әділет министрлігіне жүгінуіне тура келген

  • «Мені қылмыскер санап тұр ма?»: Балғынбек Имашевтың Әділет министрлігіне жүгінуіне тура келген

    «Мені қылмыскер санап тұр ма?»: Балғынбек Имашевтың Әділет министрлігіне жүгінуіне тура келген

Заң бойынша шектеу қойылмастан бұрын берілетін ескертуді жасарын жасап, аларын алып болған соң ғана бергенін айтып ашуға булықты ол.

Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев еліміздегі сот орындаушылардың қызметіне көңілі толмайтынын айтты, деп жазады Stan.kz ақпараттық порталы.


Ол бұл мамандық иелері әбден есіріп кеткен деп ашынған. Ешқандай ескерту жасамай, мүлкіне шектеу қойған сот орындаушының түк істемей жүріп-ақ мүліктің 25 пайызын иемденуі тіпті шектен шыққандық дейді.


«Осы «Сот орындаушы» деген адамдарға барлық құзіретті беріп, талтаңдатып қойған кім? Салық органдарына, банктерге қарызы бар адамдарға еш ескертпестен "арест" қойып, есінеп отырып, әр соманың 25% көлемінде үстінен ақша алатын алаяқтар сияқты. Алдына барсаң адам менсінбейді. Жағдайыңа пысқырып қарамайды. Өзі күнін әзер көріп отырып, айыппұлын, салығын, алиментін, несиесін төлей алмай жүрген жандардың үстінен 25% жеп отыру жемқорлықтың заңды түрі емес пе? Осындай бассыздықтар қашан ауыздықталады екен?», - дейді Балғынбек Имашев.


Өзі де салық органдарының қателігінен шетел аса алмай қалғанын жеткізді ақын. Оның айтуынша сот орындаушы тіпті ресми хат апарып тұрса да, ақынға инанбай, құжатты жоққа шығарған. Ал айыппұл туралы ескерту қағазын Балғынбек Имашевтың өзі іздеп барған кезде берген. Заң бойынша шектеу қойылмастан бұрын берілетін ескертуді жасарын жасап, аларын алып болған соң ғана бергенін айтып ашуға булықты ол.


«Менің жағдайымда тіпті қарыз болмасам да салық органдарынан кеткен қателікке бола «арест» қойып тастапты. Бірақ мен мән-жайды анықтап, қарызым жоқ екені туралы ресми хат апарып беріп тұрсам да, «Мен бұл хатқа сенбеймін. Күмәнім бар. Мұндай хатты қолдан жасап алуға болады» деп, арестен босатқысы жоқ. Өйткені, 25 % ақшадан қағылады ғой. Ол аз болғандай қолыма, беті бүлк етпей "Хабарлама-извещение" беріп тұр. Айналайын, мынауың не мазақ? Мен саған қарызы жоқ, арестен босат деп хат әкеп тұрсам, сен маған, қарызыңды төле деген хабарлама бергенің қалай десем, «мен сізге сенбеймін, салық комитетіне запрос жіберем, 15 күн шамасында күтіңіз» дейді. Сонда жеке сот орындаушы Бимағамбетов Асхат ресми бланкке жазылған, тіркеу нөмірі жазылған, ресми мөр басылған құжатқа сенбейтіндей мені қылмыскер санап тұр ма?» - дейді Балғынбек Имашев.


Халықтың жағдайы сот орындаушысыз да оңып тұрған жоқ, сондықтан бұл мәселені қолға алуларыңызды сұраймын деп Балғынбек Имашев әділет министрлігі мен президентке өтініш айтты. Желідегі парақшасында жазба қалдырып, өзіне жасаған әділетсіздік күллі халыққа жасалып жатқанын ескерткісі келді ол.


«Жалпы арест қою үшін «қарызыңыз бар, осынша уақытта төлемесеңіз, арестке қоямыз» деп ескерту керек емес пе? Керек кезде аз мөлшердегі төленбей қалған өсім (пеня) үшін ұшаққа міне алмай қалған қанша оқиғаны өз көзіммен көрдім. Сосын оларға сыйақы ретінде негізгі қарыз сомасынан 25% деген не батпанқұйрық? Өзі төлеуге ақша таппай қиналған бейшараға жығылған үстіне жұдырық емес пе?


Бұл сауалым Әділет министріне! Мемлекет басшысы, сіз де құлақ салыңыз!» - дейді Балғынбек Имашев. 




Көрілген: 1071    Пікірлер: 0

жұма, 16.08.2019, 14:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30