Өркениет

"Мен оларды сүйемін": Бекболат Тілеухан үш әйелінің қызғанышы жайлы айтты

  • "Мен оларды сүйемін": Бекболат Тілеухан үш әйелінің қызғанышы жайлы айтты

Бекболат Тілеухан үш бірдей әйелінің қызғанышы, балалары жайлы сыр шертті. Ол өмір жолында иманды әйелдерге кездескенін, соның арқасында елдің алдында масқара болмай, жеке өмірін ел көзінен тасада ұстап келе жатқанын жеткізді. Бұл туралы Тілеухан Qasqa Jol арнасына берген сұхбатында баяндады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың айтуынша, әйел болғаннан кейін, қызғанышты болдырмау мүмкін емес. 

"Ол қызғаныш кетпейді. Өтірік мақтанудың қажеті жоқ. Ең бастысы, мен оларды сүйемін. Олар да мені жек көрмесе керек. Балалардың әкесімін ғой. Бірақ оларды тату-тәтті ұстаймын, олар қызғанбайды деген нәрсе болуы мүмкін емес.

 Өйткені адамзаттың эталоны, идеалы пайғамбарымыздың (с.ғ.с) әйелдері бірінен бірі қызғанған. Оның қасында кешегі Кеңес үкіметінен шыққан қыздар қызғанбайды, мінсіз болады деудің өзі қисынсыз болады", - дейді Тілеухан.

Депутат басына түскен тағдырын, жеке өмірін жұртқа жария етуден бойын аулақ ұстайды. Оған бір жағы жеке өмірі туралы әр жерде сыр білдірмейтін депутаттың әйелдері де өз үлесін қосып отырған көрінеді.

"Бөрі арығын білдірмес" дейді. Менің тағдырым болған соң, мақтанатын да нәрсе емес. Құдайдың берген нәрсесі. Бірақ бір нәрсені білемін, менің полигамды некемнен қазақ зиян көрген жоқ. Тілеухан әулеті зиян көрген жоқ. 

Аллаға шүкір, ол менің еңбегім емес, оларға Құдайдың берген санасы, иманы шығар, жылт-жылт етіп, Instagram-ға шығып жатса, масқараның көкесі сонда болар еді! Мен тыйған жоқпын, өздерінің иманы тыйды. Әйелді ері сақтамайды, ары мен иманы сақтайды.

Алла Тағаланың маған жасаған шексіз рақымы сол, иманды әйелдер берді", - деді Бекболат Тілеухан. 

Депутаттың үш некеден бүгінде 14 баласы бар. 

Stan.kz




Көрілген: 1044    Пікірлер: 0

жұма, 24.09.2021, 14:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31