Өркениет

"Мен Сәбитпен ажырасқан соң да үйленуге ұсыныс жасады": Айгүл Иманбаева алғашқы махаббаты жайлы айтты

  • "Мен Сәбитпен ажырасқан соң да үйленуге ұсыныс жасады": Айгүл Иманбаева алғашқы махаббаты жайлы айтты

Айгүл Иманбаева алғашқы махаббаты, отбасылық қиындықтары туралы айтты. Бала күнгі қызықтарын еске алды. Актриса бағдарлама барысында өзі көрмеген бауырымен танысты.

Бұл туралы "Ең алғашқы" бағдарламасында айтылды. 

 
Айгүл Иманбаева 9-сыныптан бастап ,түзеп, жігітпен кездескенін айтады. Осы кезде Болат есімді азаматпен көңіл қосқан. Ол менің алғашқы махаббатым дейді өзі. 

"Менің сыныптасымның Болат деген ағасы бар еді. Сыныптас қызымның ағайынды бауыры. Өзім ұл секілді өстім. Бой түзеген кезім 9-сынып. Сол уақыттан бастап жігітпен кездесе бастадым. Болат Жылқыбаев деген азамат бізден үлкен еді. Кешке шығамын. Сөз байласқанбыз. "Қалаға барғанда Болаттар көбейеді. Сен оларға еріп кетпейсің бе?" деп қорқатын. Мен "жоқ, ешкімге ермеймін" дейтінмін. Баламыз ғой. Кейін шынында да Болаттар көбейді. Мен қалаға келе сала онымен кездеспей кеттім. Бірден айырылыстық. Сәбитке тұрмысқа шықтым. Сәбитпен айырылысқан кезде де маған келді. Бірақ мен оған теңіңді тап дедім. Балам өскенше күйеуге тимейтінімді айттым. Ол бойдақ болып ұзақ жүрді. Кейін үйленді. Қазір марқұм болып кеткен. Артында келіншегі мен баласы қалды", - деді әнші. 

Айгүл Иманбаева бағдарлама барысында әкесі жағынан туыс бауырымен танысты. Бұл әкесінің аманаты.

"Айгүлдің анасымен 11 жыл бірге тұрдым. Бала-шағаммен, Айгүлмен араласпаған кезде ойлаушы едім. Шешемнің екінші күйеуінен туған бала бар. Үлкені қайтыс болды. Кішісі тірі. Сол Кәмілмен таныстырсам деген едім. Айгүл оны білмейді. Сондай бір аманатым бар еді", - деді актрисаның әкесі Серік Иманбаев. 

Айгүл Иманбаева әкесінің анасың екінші күйеуінен туған Кәміл есімді ағасымен танысты. Бұдан былай араласуға уәде берді. 

"Менің әкемнен қалған бір қасиетім бар. Кең жүректімін, әкем секілді ешкімнен ешнәрсе аямаймын. Жүрегіме сыясыз. Танысқаныма қуаныштымын. Араласып тұрайық. Мен үшін тосын оқиға болды", - деді әнші. 

Айгүл Иманбаева ажырасқан соң да өмірде бірнеше азамат кездескенін айтады. Алайда ұлы өскенше тұрмыс құруды жоспарламаған екен. 




Көрілген: 1574    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.04.2021, 18:45

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30