Өркениет

"Мені сотқа шақырған кезде тоқтау керек екенін түсіндім". "Жұлдыздың жары" жобасында - Бауыржан Сатов

  • "Мені сотқа шақырған кезде тоқтау керек екенін түсіндім". "Жұлдыздың жары" жобасында - Бауыржан Сатов

Әнші Альбина Шардарованың жары, актер, тележүргізуші Бауыржан Сатов "Жетінші арнадағы" "Жұлдыздың жары" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында отбасындағы қиын кезең, студенттік шағы, әкесінің қалай қайтыс болғаны, гендер патидегі оқиға туралы әңгімеледі.

Бағдарлама қонағы қиын балалық шағы туралы әңгімелеп, әкесінен қалай айрылып қалғанын айтты.

"Мен үште едім. Әкем жиырма бесте, анам жиырма төртте, інім сегіз айлық болатын. Әкем Думан жақтан үй салып жатқан. Әжем сауда-саттықпен айналысқан, арақ-шарап сатқан. Бірде көршілер түнде келіп, сұраған. Әжем түн болғанын айтқан. Бір сөзбен айтқанда, сол кісілер ауыр сөз айтып, ата-әжемді ренжіткен, оны әкем естіген. Ол  - Батыстың адамы, қызуқанды. Әкем атып шығып, араларында жанжал туған. Олар түнде мылтық алып келген. Ит үрген, итті атқан. Әкем жүгіріп шыққан. Екінші оғы әкеме тиген. Қазір қарулы келген адамдарға неге құралақан шықты екен деп ойлаймын" , - деді ол.
Ол гендер патиге қатысты сұраққа жауап беретін мүмкіндік енді туғанын айтып, оқиғаның мән-жайын баяндады.

"Гендер пати жасайтын күні 100 пайыз ұл болатынына кәміл сендім. Ұлды қалаған жоқпын. Мен солай ойладым. Өйткені ультрадыбыстық тексеріс кезінде дәрігерлер, Альбинаны қарап жүрген дәрігерлер "ұл" деді. Бір кезде қарасам, қызыл ма, қызғылт па шықты. Түсінбей қалдым. Тәуекел тура келіп, бетімді түсірді. Мен түсінбей тұрмын. Жағдайды әлі қабылдап жаттым. Шын мәнінде, видеодан қарасам "қыз" деп көңілім түскен сияқты көрінді", - деді ол.

Айта кетейік, бағдарлама қонақтарының арасында әзілкеш Қанат Әлжаппаровтың, әнші Төреғали Төреәлінің және тағы басқа жұлдыздардың жұбайлары болады.

Tengrinews.kz




Көрілген: 2175    Пікірлер: 0

сенбі, 27.11.2021, 19:51

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31