Өркениет

«Мені танып, жібере салады деп ойладым»: «Дос-Мұқасан» әншісі қызды ұрғанын мойындамады

  • «Мені танып, жібере салады деп ойладым»: «Дос-Мұқасан» әншісі қызды ұрғанын мойындамады

    «Мені танып, жібере салады деп ойладым»: «Дос-Мұқасан» әншісі қызды ұрғанын мойындамады

 Әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі қып-қызыл жанжалдың ортасында қалды. Мұрат Құсайынов әуежайда қызметкер қызды бетінен ұрды деп айыпталуда. «Эйр Астана» компаниясындағылар әншінің үстінен полицияға арызданып та үлгерді. Әйтсе де, басы дауға қалған белгілі композитор жағдайдың мүлде басқаша болғанын айтады.


Жанжал Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайының ішінде болған. «Эйр Астана» компаниясының айтуынша, Алматыға бағытталған рейске жолаушыларды енді отырғыза бергенде, «Дос-Мұқсан» ансамблінің белді әншісі айқайға басқан. Атап айтқанда, танымал жолаушы аяқ киімін шешуден бас тартқан. Тексерістен толық өтуді сұранған қызметші қызды боқтап жіберген де екен. Одан қалды, бойжеткенге жұдырық жұмсаған көрінеді. Компания өкілдері қатты соққыдан жас қыздың жерге сұлап түскенін айтады.


«Құсайынов қатты сөйлеген, балағаттаған. Біздің қызмет көрсету менеджерін бетінен қатты соқты және оның денсаулығына зардап келтірген. «Эйр Астана» әуекомпаниясы мұндай заңсыз әрекеттерге ешқашан жол бермейді», - деді «Эйр Астана» өкілі Тілек Әбдірақымов.


Десе де, әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблінің көркемдік жетекшісі оқиғаның мүлде басқаша болғанын айтады. Мұрат Құсайыновтың ол күні туысы қайтыс болып, Қордайға асығып бара жатқан беті екен. Қызға қол тигізбедім деп ант-су ішкен композитор керісінше компания өкілдері өздері ашуыма тиді деп отыр.




«Ұрды-соқты дегендері өтірік. Алдыма тұрып алып, «шешпесеңіз жібермеймін» деді. Мен шешуден бас тарттым. Ерегіс туды.


Мені танығаннан кейін олар кішкене сыйлап, кешіре салады, жібере салады деп ойладым. Олар сіздің кім болғаныңыз бізге бәрібір деп қасарысты. Мені қауіпті қылмыскер қылды.


Мен қатты ашуландым. Өйткені еңбегім бар халыққа істеген. Қазақстанда мен еркін жүруге құқығым бар деп есептеймін! Сондықтан аяқ-киімді шешпеймін», - дейді «Дос-Мұқасан» ансамблінің көркемдік жетекшісі Мұрат Құсайынов.


Енді аяқ киімнен туған дау сотқа бір-ақ жетуі мүмкін. Өйткені, «Эйр Астана» әншінің үстінен полицияға шағым түсірді.


«14-сәуір күні Нұрсұлтан қаласы әуежайы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне ҚР ҚК 293-бабы, 2 бөлімі, яғни «бұзақылық» бойынша тіркелді. Қазір тергеу жүргізілуде», - дейді ІІМ көліктегі полиция департаменті баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова.


«Дос-Мұқасанның» негізін қалаушы да де өзіне жала жапты деп «Эйр Астананы» сотқа бермекші. Сондай-ақ, басқа рейске сатып алған 51 мың теңге шығынын өтеп алмақ.


Sn.kz




Көрілген: 1497    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.04.2019, 14:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30