“Менімен жатқың келе ма?” - Қазылар алқасына ән арнаған қыз талқыға түсті

22 қараша 2022, 14:52

Жайдарман ойындарының бірінде ән арнаған ойыншы желідегілердің қызу талқысына түсті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Caravan.kz-ке сілтеме жасап.

"Сәлемдесу" кезеңінде әнмен шыққан жайдарман тобының мүшесі:

 

"Мені құлатқың келе ма? Мені атқың келе ма? Әлде өзіңе тартқың келе ма? Менімен жатқың ....",- деген рэп орындады.

 

Залдағы көрермендерді күлкіге қарқ қылғанымен, желі оқырмандарының сынына ілікті.

 

Желі оқырмандары: "Осыны да ән дейді-ау","Масқара","Мәдениет дейді бұны","Оооой, әзіл ғой құрсын","Сонша не болды","Юморды юмор қып қабылдаңдаршы",- деп пікір қалдырды.