Өркениет

«Менің білуімше, хадисте «музыка харам» деп нақты айтылған» - Бауыржан ИСАЕВ

  • «Менің білуімше, хадисте «музыка харам» деп нақты айтылған» - Бауыржан ИСАЕВ

    «Менің білуімше, хадисте «музыка харам» деп нақты айтылған» - Бауыржан ИСАЕВ

 Бұл күнде әр нәрсеге күдікпен қарайтын болдық қой. Ғылым мен өркениет өскен сайын ғаламда ақпараттардың да санында шек болмай барады. Шексіз ақпараттардың әсері ме екен, көз көріп, құлақ естіп үйренген іс-әрекеттерді дұрыс емес, пәленше кезінде былай депті деген білгіштер қаптап кетті.

Тіпті, салт-дәстүрімізді ислам дініне қайшы келтірген теріс пікірлер де жиі айтылып жүр. Екінің бірі қонақ бола алатын өрмекшінің торындай болған әлеуметтік желілерде соңғы кездері «музыка тыңдауға, ән салуға болмайды екен, дінімізде бұған тыйым салынған» деген секілді пікірлердің құлағы қылтия бастады.

«...Әннің де естісі бар, есері бар, тыңдаушының құлағын кесері бар» деп кемеңгер Абай айтпақшы, әннің де, әуеннің де жағымды-жағымсызы болмай ма? Егер музыка адамның жақсы сезімдерін жетілдіріп, рухын сергітіп, шаршаған жүйкелерін тынықтырып, көңілін тыншытатын болса, ондай музыканы харам деуге бола ма?

Ата-бабаларымыздан қалған, қазіргі айтылып жүрген ән-жырларды тыңдау, шырқау шынымен де харам болып санала ма, әлде, бұл адасушылықтан, қателіктен туған пікір ме? Бұл мәселеге өзгелер нендей ой қосар екен?

Бауыржан ИСАЕВ, әнші:
«Өзіміз де өнер жолында жүрген соң осы сұраққа мен де үңіліп көргенмін. Қазақ халқының тарихында ән-жырлар ерте кезден-ақ дамыған. Күміс көмей әншілеріміз, домбыраның құлағында ойнаған атақты күйшілеріміз болған. Біз де осы ата-бабамыздың жолымен келе жатқан ұрпақпыз. Бірақ, негізі хадисте музыкаға қатысты харам деген секілді пікірлер айтылған. Зерттеуші ғалымдардың бір бөлігі бұл пікірге келіссе, енді бірі келіспейді. Алайда, менің білуімше, хадисте «музыка харам» деп нақты айтылған».

oinet.kz




Көрілген: 1547    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.04.2020, 07:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30