"Менің миымды бұзды". Билли Айлиш 11 жасынан бастап порно көре бастағанын айтты

18 желтоқсан 2021, 21:20

Стерн Айлиштен порнография туралы сұрады, өйткені бұл тақырып оның жаңа Happier Than Ever альбомындағы Male Fantasy әнінде айтылған.

"Шынымды айтсам, мен көп порно көрдім. Менің ойымша, бұл шынымен миымды бұзды, мен көрген порноның көптігінен қатты күйзелдім", - деп мойындады ол.

Ол бала кезінде порноны көру дұрыс емес екенін түсінбегенін және адамдар порно фильмдердегідей жыныстық қатынасқа түседі деп ойлағанын айтты.

"Сондықтан, мен жыныстық қатынасқа түскенде, жасамау керек болған кей нәрселерге "жоқ" деп айта алмадым", - дейді әнші.

Порнографияның айтарлықтай проблема дейді ол, өйткені порно жыныстық қатынас кезінде қалыпты нәрсені түсінуді бұзады.

Бұл пікірді балалардың әл-ауқаты саласындағы сарапшылар, соның ішінде Unicef мамандары да айтады. Олар порнографияның балалар мен жасөспірімдерге әсері өте зиянды екендігімен келіседі.

stan.kz