Өркениет

Менің үйімде басқа біреудің қожалық еткенін қаламаймын – Роза Рымбаева

  • Менің үйімде басқа біреудің қожалық еткенін қаламаймын – Роза Рымбаева

    Менің үйімде басқа біреудің қожалық еткенін қаламаймын – Роза Рымбаева

Қазақстанның халық әртісі үй жұмыстарын өзі істейтінін айтты. Ас пісіріп, үй тазалайды, қажет болса, жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева ресейлік "Собеседник" басылымына берген сұқбатында көпшілік ойлағандай зейнетақысының көп емес екенін, табысының басым бөлігін сахна киімдеріне жұмсайтынын айтты.

"Зейнетақым 200 доллар. Қосымша тағы төленеді (атақтары үшін &ndash Sputnik)", - деді халық әртісі.  

Айтуынша, қазақстандық әртістердің табысы Ресей әншілерімен салыстырғанда әлдеқайда төмен.

"Қазақстандық эстрада әртістерінің табысын ресейлік және еуропалық шоу-бизнес өкілдерінің табысымен салыстыруға келмейді. Жағдай басқаша болғанда мен ақша табудан гөрі шығармашылыққа, балаларым мен шәкірттеріме көбірек уақыт бөлер едім. Амал жоқ, көп жұмыс істеу керек. Ақша тек тұрмыс үшін ғана емес, сахна костюмдеріне, музыканттарға, дайындалатын орындарды жалға алуға қажет", - деді Рымбаева.
Ол сондай-ақ, қымбат көлігі мен көпқабатты үйінің жоқ екенін айтты. Бірнеше жыл бұрын кішкетай джип сатып алғанын, оған дейін таныс көлік жүргізушілеріне немесе такси қызметіне жүгінгенін мәлімдеді.

45 жылдан бері сахнада жүрген әнші сырт келбетінің өзгермеуін ген арқылы берілген деп санайды.

"Ата-анам, бауырларым бәрі арық, мен де соларға ұқсағанмын. Сонымен қатар таңертең жетіде тұрамын, үйдің жұмыстарын істеймін, балаларға қарап, шығармашылықпен айналысамын. Студияда ән жазып, өнер көрсетуге дайындаламын, түрлі түсірілімге қатысамын. Сондай-ақ, өнер академиясында сабақ беремін. Әр сағатым жоспарланған, күнімен қозғалыста жүремін. Ал жұмыстарымды түн ортасында аяқтаймын", - деді ол.

Айтуынша, осы қарқынмен жұмыс істеу әрқашан дене бітімін сақтауға көмектеседі.  

Сұқбат барысында Қазақстанның халық әртісі үй жұмыстарын өзі істейтінін айтты.

"Менің үйімде басқа біреудің қожалық еткенін қаламаймын. Ас пісіріп, үй тазалаймын, қажет болса, жөндей саламын. Қолымнан микрофон ұстаудан басқа да іс келеді", - деді Рымбаева.
Әнші билік басындағы кісілермен жиі хабарласып тұратынын да жасырмады.

"Президент немесе министрлермен шай ішпеймін, бірақ жиі хабарласып тұрамыз. Не дегенмен мен үкіметтің үлкен концерттерінде өнер көрсетемін. Мені сыйлайды деп ойлаймын", - деді ол.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Роза Рымбаеваға Мемлекеттік сыйлық пен "Парасат" орденін табыстады. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек ері атағын берді.




Көрілген: 3040    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.02.2021, 08:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30