Өркениет

Меруерт Түсіпбаева Аяжан Еділованың өліміне қатысты: Еркектің үйіне кірерде жүз рет ойлану керек

  • Меруерт Түсіпбаева Аяжан Еділованың өліміне қатысты: Еркектің үйіне кірерде жүз рет ойлану керек

    Меруерт Түсіпбаева Аяжан Еділованың өліміне қатысты: Еркектің үйіне кірерде жүз рет ойлану керек

Меруерт Түсіпбаева жас қыздарды сақтыққа шақырды. Ер азаматтың үйіне жалғыз кіруден аулақ болу керек екенін айтты. Әнші Алматыда қорлықпен өлтірілген қыздың өліміне қатысты ойын жазды.

"Қыздар - ау.... Бәріміз бақытты болғымыз келеді.... Бірақ, абай болыңыңдаршы!! Жүз рет ойланыңдаршы, еркектің үйіне кірерде... Мейлі, жұмыс бабымен болса да... Заман-жаман!! Заман- жылан!!! "Басын қайнатып, тісін, тырнағын бөлек жұлып алған. Алматыда өлтірілген Аяжанның туыстары сұхбат беріпті. Көршілер түк естімеген бе?? Сонша қиналса.. Сабыр берсін сіздерге, иманды болсын Аяжан -қыз. Не айтамыз... өзіміздің қазақ... Түркістан облысының тумасы.... жауыз. Маньяк. Қайда бара жатырмыз", - деп жазды Түсіпбаева.

 

Меруерт Түсіпбаева: Күйеуім әдемі жігіт еді, оны ұнатқан қыздар көп болды

Меруерт Түсіпбаева Димашты сынағандар туралы: Қазір кім көрінген әділқазы мен сыншы болатын болды

"Осындай жауызды қандай ана тапты екен. Баласын 9 ай құрсағында көтеріп, түн ұйқысын төрт бөліп түнімен емізді емес пе? Ол неге осындай жауыз болды?", "Соншалықты қатыгез зұлым адам екен. Сөзім жоқ. АЛЛАМ жазасын берсін! Қазаның арты қайырлы болсын! Жақындарына сабырлық тілеймін!", "Осындай да адам жауыздыққа барады екен-ау! Адам кейпіне еніп жүрген жыртқыш хайуан ғой", - деп жазды желі қолданушылар.

Еске салсақ, осыған дейін 19 наурызда Алматыда 19 жастағы қыз түнде жұмыстан шығып үйіне оралмағаны туралы жазған болатынбыз. 

Кейін жоғалып кеткен Алматы тұрғыны Аяжан Еділова өлі күйінде табылды.  Алматы полициясы күдіктіні - Түркістан облысының тұрғыны, 1993 жылы туған азаматты ұстады. 

Полицияға пәтерге шабуыл жасаған кезде ол өзін өлтіруге тырысты.

Сосын Алматыда өлтірілген Аяжанның туыстары сұхбат берді. Сұхбат кезінде қыздың туыс ағасы оның басын қайнатып, тісін, тырнағын бөлек жұлып алғанын айтты. 




Көрілген: 1578    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.03.2021, 19:26

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31