Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Меруерт Түсіпбаева Төреғалидың шулы видеосына қатысты пікір білдірді (видео)

23 желтоқсан 2017, 15:30

Әнші Меруерт Түсіпбаева Instagram желісіндегі парақшасында Төреғали Төреәлінің Павлодар облысындағы ән кешінде аузына келгенді айтып, қарияны залдан қуғанына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

"Жерлестеріме сонша зекігені жаныма батты. Көбі қарапайым адамдар... Жерлестерім сабырлы...Орысшалау...Көбі анау айтылған сөздердің ішінен "кредит" дегенін ғана ұққан шығар... Ақтауға немесе Шымкентке барып, сахнадан солай айқайласа не болар еді?!",- деп жазды Меруерт.

Әнші жазбасының пікір білдіру қызметін бұғаттап қойған.

Әртіс болса өз кезегінде тыңдарманының айтқан сөзіне ренжіп, залды босатуын талап еткен.

Видеоны көрген желі қолданушылары әншінің бұл қылығын қатаң сынап, оның тым шектен шығып кеткенін айтты.

"Мынау не сұмдық?! Өзін тағы Ұлы дала баласымын дейді, мәдениеттен жұрдай екен!", "Сахнаға шығуға тыйым салу керек. Өзін қатты жұлдыз сезініп кеткен мына бала", "Бұрыннан өркөкірек қой. Бірақ осы жолы шын келбетін көрсетті", "Не деген тәрбиеден жұрдай жігіт. Айтып тұрған сөзін қара. Сені аспанға көтерген халық, бір сәтте-ақ шаңыңды қағып түсіретін де халық. Осыны ұмытпа, бауырым!",- деп жазған тыңдармандар.

Еске салсақ, кеше кешке Төреғали Төреәлінің Павлодар облысында өткен ән кешінде қарияны залдан қуған видеосы желіні шарлап кетті. Көрермендердің айтуынша, залдағы жасы ересек кісінің бірі әншіден суретке түсе бермей, ән айтуды сұраған.